Қаріп өлшемі: A A A
Сайттың түсі: C C C
Сайттын кадимки версиясы
Выберите язык
01.10.2021

Еуразиялық процестерге бизнестің қатысуын жандандыру интеграцияның экономикаға бағдарлануын қамтамасыз етеді

1 қазанда Нұр-Сұлтанда бейнеконференцбайланыс форматында болып өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының 17-отырысында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян Еуразиялық экономикалық одақ үшін және Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегияларын іске асырудың өзекті күн тәртібін қалыптастыруда бизнес-құрылымдар рөлін осылай түсіну туралы айтты.

Одақ елдерінің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің ЕЭК қызметіне белсенді қатысуы бизнестің мүддесін сөз ететін және Одақтағы іскер әрі инвестициялық ахуалға ықпал ететін көптеген мәселені шешуге тиісті қарқын береді. Гоар Барсегян ЕАЭО-да классикалық экономикалық еркіндіктерді ілгерілету және бизнесті қорғау Одақтың реттеуші органы ретіндегі Комиссияның түйінді міндеті болып табылады деп атап көрсетті. Бұл міндеттерді орындау үшін бизнеспен жанды диалог өте-мөте маңызды.

«ЕЭК қызметіне кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысу әлеуеті, соның ішінде 2025-Стратегияларын іске асыру бойынша, өте жоғары. Комиссия үшін де, бизнес үшін де оны дәл қазір, жаңа бірыңғай нарықтардың қалыптасып жатқан және интеграцияның жаңа бағыттары бойынша қозғалыс басталған кезеңде толық шамасында іске қосу қағидатты тұрғыда маңызды»,- деп атап өтті ЕЭК өкілі.

Гоар Барсегян отырысқа қатысушыларды 2025-Стратегияларын іске асыру жөніндегі жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекет басшылары мен премьерлерінің саммиті қарсаңындағы Комиссия күн тәртібінің өзекті мәселелері туралы хабардар етті.

Комиссия өкілінің сөзі жанды қызығушылық тудырды және 2025-Стратегияларын іске асыруға бизнестің қатысуы туралы пікірайыстың басталуына себепкер болды.

Отырысқа ЕАЭО Іскерлік кеңесі Төралқасының мүшелері - ұлттық палаталардың және өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының басшылары Асқар Мырзахметов, Арсен Казарян, Анатолий Харлап, Данил Ибраев, Александр Шохин қатысты.