тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Кедендік ынтымақтастық»

22 шілденің 2025 ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры болып Қуат Рахимов тағайындалды Қуат Жеңісұлы Рахимов 1970 жылы Көкшетау облысы (Қазақстан) Қызылту ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, 2001 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. 1998 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының кеден органдарында әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, атап айтқанда: Кеден әдіснамасы департаментінің Кедендік рәсімдер әдіснамасы басқармасының басшысы, Бақылау департаментінің Транзит басқармасының басшысы, Кеден әдіснамасы департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік операцияларды әкімшілендіру департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2020 жылғы қарашадан 2024 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі. 2025 жылғы 18 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры болып тағайындалды.
17 шілденің 2025 ЕЭК-те тауарларға арналған декларацияны және тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібін жетілдіру талқыланды Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің тауарларға арналған декларацияны және тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру қағидаларының өзгеруіне байланысты бірқатар бастамалары бейінді Консультативтік комитет жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысында қаралды. Декларантқа тауарларға арналған декларацияда келесі мәліметтерді көрсетуді көздей отырып, кеден органына берілетін тауарды шығарған елі туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсыну туралы міндеттеменің көшірмесіне қолмен жазу немесе артқы жағында басып шығару талабынан бас тарту ұсынылды. Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде "бастапқы қаптама" ұғымын айқындаудың орындылығы, тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініште шығарылымның күшін жою туралы белгілерді көрсету туралы мәселелер қаралды. Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылы ЕЭК-тің Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің шешімі бойынша құрылған. Оның қызмет саласына тауарларды декларациялау, соның ішінде тауарларға арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібіне байланысты мәселелер кіреді.
08 шілденің 2025 ЕЭК Кеңесінің шешімі құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялықпломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыруүшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы шешім қабылдады. Аталған Келісім күшіне енді. ЕАЭО елдері тасымалдарды қадағалап отырудыіске қосу үшін қажетті іс-шараларды аяқтайды, Комиссия содан кейін тиісті шешім қабылдайды. Ұсынылып отырған бұл реттеу құрамында никотин бар өнімдерге, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0, 2939 80 000 0 тауар позицияларында сыныпталатын, Одақ аумағынанэкспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігіменәкетілетін никотин шикізатына қатысты болады. Бұл тауарларды қадағалап отыруКелісімге сәйкес тасымалдауды қадағалап отырудың бірінші кезеңінен басталады. ЕЭК Кеңесінің шешімі кәсіпкерлердің Комиссияның сарапшы тобының жұмысына тікелей қатысуы кезіндегіұсыныстары негізінде дайындалды. Оны іске асыру ЕАЭО-да құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
02 шілденің 2025 ЕЭК-те ЕАЭО аясында темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды Еуразиялық экономикалық одақ аумағында заңсыз темекі өнімдерінің әкелінуі мен айналымына қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы 2 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың қатысуымен өтті.  Жұмыс тобы осы жылдың наурыз айында Комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің жанынан құрылды. Оның құрамына 80-нен астам мүше кірді, олардың жартысы жұмыс тобын құруға бастамашы болған бизнес-қоғамдастық өкілдері.  Өткен отырыста ЕАЭО кеңістігіндегі темекі және құрамында никотин бар өнімдер нарығының жай-күйі, осы саладағы заңсыз айналымның үрдістері мен динамикасы, сондай-ақ аталған өнімді автомобильмен тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану тәжірибесі талқыланды.  Жұмыс тобының қатысушылары Одақ нарығындағы темекінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған бірінші кезектегі шаралар бойынша ұсыныстар енгізді, олар Одақ елдерінің уәкілетті органдарын тарта отырып, ЕЭК алаңында пысықталатын болады.
Тағы да көрсету

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​