тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6936

10 қазанның 2025 Максим Ермолович Өзбекстанның Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Халилилло Турахужаевпен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 9 қазанда Ташкентте Өзбекстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Халилилло Турахужаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар бәсекелестік саласындағы өзара іс-қимылдың түйінді мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен консультациялар, форумдар мен семинарлар өткізу, цифрлық платформаларды реттеу бойынша тәжірибе, талдамалық материалдар және таңдаулы практика ауысу перспективасы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылық өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 2020 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Өзбекстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді.
10 қазанның 2025 Данияр Иманалиев: "Қазіргі заманғы технологиялар ЕАЭО-да статистиканың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді" ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің басшылығымен өткен бейінді Консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі статистика саласының басты құжаттары қаралды. Олардың арасында – Еуразиялық экономикалық комиссияның 2026 жылға арналған Статистикалық жұмыстарының бағдарламасы, Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы және ЕАЭО статистикасы саласындағы интеграцияны дамыту жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бар. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынатын статистикалық көрсеткіштердің өзектілендірілген тізбесі және оларды ұсынудың 2026 жылдан бастап пайдаланылатын нысандары мақұлданды. ЕАЭО-да статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін жаңа ақпарат көздерін, атап айтқанда әкімшілік деректерді пайдалану туралы ақпарат таныстырылды. ЕЭК министрінің сөзінше, статистикалық байқаулардың жаңа құралдарын ендіру Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал ететін болады. "Қазіргі заманғы технологиялар ұлттық деңгейде де, ЕАЭО деңгейінде де басқа көздер есебінен қолжетімді ақпарат спектрін едәуір кеңейтуге және статистика сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Комиссия ОДМ мәселелері және үлкен деректерді қоса, жаңа дерек көздерін пайдалану бойынша халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды", — деп атап өтті ЕЭК министрі. ЕАЭО елдері арасындағы өзара тауар саудасы статистикасының 2024 жыл ішіндегі "айналы" деректерін салғастыру қорытындылары қаралды, сондай-ақ 2026 жылы деректерді салғастыру бойынша сарапшылардың екіжақты кездесулерін өткізу кестесі қалыптастырылды. Электрондық сауда тауарларының экспорты (импорты) көлемі туралы ресми ақпаратты қалыптастыру үшін ЕАЭО мемлекеттерінің тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасына өзгерістер енгізу мақұлданды. Қаржылық статистика көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснама жобаларына, сондай-ақ ЕАЭО ашық деректері үшін SDMX Еуразиялық тіркелімін пайдалану кезінде уәкілетті органдардың халықаралық стандартты қолдануы жөніндегі ұсынымдарға қолдау көрсетілді. 
09 қазанның 2025 Наира Карапетян: "ЕАЭО-да асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін күш-жігерді біріктіру аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін артырады" 9 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетянның төрағалық етуімен Мәскеуде Ресейдің "Алтын күз – 2025" агроөнеркәсіптік көрмесінің іскерлік бағдарламасы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақта асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша үйлестіру кеңесі болып өтті. Асыл тұқым ресурстары нарығын дамыту жоспарлары, асылдандыру істері жүйесін қалыптастыру механизмдері мен құралдары, ЕАЭО шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығында цифрландыруды дамыту талқылаудың түйінді тақырыптары болды. Наира Карапетян агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың міндетті шарты ретінде асыл тұқымды мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі туралы айтып берді. "ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды өнімін айналысқа шығаруға, әкелуге, әкетуге және орнын ауыстыруға қойылатын талаптарды біріздендіру жөніндегі бұдан арғы қадамдар асыл тұқым ресурстары мен орнықты жеткізілім схемалары туралы жалпы деректер базасын құрумен қатар, Одақ мемлекеттерінде асыл тұқымды өніммен өзара сауданы ұлғайту және мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Наира Карапетян.  ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Сәуле Молдабаева "Инновациялар – практикаға: қазіргі заманғы кезеңде жасыл өнім сегменті қалай дамуда" атты панельдік пікірсайыс барысында шараға қатысушыларды мүше мемлекеттердің жасыл технологияларды қолдану және Одақтың АӨК органикалық өнімдерінің айналысы жөніндегі құқығын қалыптастыру саласындағы тәжірибесі туралы хабардар етті. Кеңеске ЕАЭО елдерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті басқару органдарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың және мүше мемлекеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығының өзге де субъектілерінің басшылары мен өкілдері қатысты. 
09 қазанның 2025 ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің 2026 жылға арналған негізгі бағыттарының жобасын мақұлдады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің 2026 жылға арналған негізгі бағыттарының жобасын мақұлдады. Құжат Одақтың алдағы жылға арналған сыртқы өзара іс-қимылының түйінді басымдықтарын, векторларын және практикалық міндеттерін айқындайды. Халықаралық қызметтің өзекті басымдықтары мен жаңа драйверлері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясында баса көрсетілген стратегиялық міндетті іске асыруға — ЕАЭО-ның халықаралық аренада экономикалық тартылыс полюсі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада Одақтың жылдан жылға дәйекті түрде кеңейіп келе жатқан халықаралық күн тәртібінің барлық спектрі бейнеленген. Интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге, үшінші елдермен диалогты дамытуға, сондай-ақ жаһандық экономикалық алаңдарда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мүдделерін ілгерілетуге басты назар аударылды. ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің 2026 жылға арналған негізгі бағыттарын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін болады.
08 қазанның 2025 ЕЭК және АСЕАН елдерінің сарапшылары бәсекелестік мәселелерін талқылады ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян АСЕАН бәсекелестік жөніндегі сарапшылық тобының 35-ші отырысының арнайы сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен бәсекелестік мәселелері бойынша ынтымақтастығының кейбір қорытындылары мен өзара іс-қимылының перспективалары туралы айтып берді. "Бәсекелестік бойынша ЕЭК-АСЕАН арнайы сессияларын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл бізге дәйекті диалог жүргізуге және практикалық тұрғыда ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Армине Акопян.  Сессия барысында биылғы шілдеде Комиссия өткізген Еуразиялық экономикалық одақ пен АСЕАН елдеріндегі бәсекелестік саясат пен құқық қолдануға арналған семинардың нәтижелері талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша ЕЭК және АСЕАН қызметінің айрықша қызығушылық тудырған бағыттары баса көрсетілді. Олар, атап айтқанда, АСЕАН ұлттық бәсекелестік органдарының өзара іс-қимылының ойдағыдай форматтарына, олардың қызметін бағалау әдіснамасына, құқық қолданудың бірқатар ерекшелігіне қатысты болды. АСЕАН жыл сайын Комиссия өткізетін бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік ұйымдардың кездесулерінің қорытындыларына, сондай-ақ ЕЭК-тің осы саладағы өкілеттіктерін қалыптастыру тәжірибесіне қызығушылық танытты.  "ЕАЭО мен АСЕАН-дағы интеграцияның әртүрлі деңгейіне, ЕЭК пен АСЕАН-ның бәсекелестік саласындағы өкілеттіктері мен функционалындағы айырмашылықтарға қарамастан, екі интеграциялық бірлестіктің мақсаты бір, ол — адал бәсекелестік үшін жағдай жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біз бір-біріміздің таңдаулы практикамызды үйренуге және оларды өз жұмысымызға ендіруге дайынбыз", — деп атап көрсетті Армине Акопян. .  Отырысқа қатысушылар Комиссияның пікірсайыстарды семинарлар мен консультациялар форматында, сондай-ақ бәсекелестік мәселелері бойынша интеграциялық өңірлік ұйымдардың диалогына қатысу арқылы жалғастыру туралы ұсынысын қолдады. Іс-шараға АСЕАН мемлекеттерінің бәсекелестік органдарының, сондай-ақ АСЕАН Хатшылығының өкілдері қатысты. 
08 қазанның 2025 Руслан Давыдов: "Цифрлық кедендік құралдар балаларға арналған тауарларды заңсыз әкелуден қорғауға қабілетті" Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" халықаралық форумының тақырыптық сессиясында ЕАЭО кеңістігінде қазірдің өзінде қолданылып жүрген және балаларға арналған тауарларды заңсыз әкелуге қарсы перспективалық шаралар ретінде қарастырылатын цифрлық құралдар туралы айтты. ЕЭК кеден блогының басшысы цифрландырудың үш негізгі құралын: навигациялық пломбаларды, тауарларды цифрлық таңбалауды және тауарлардың Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі кезінде де, Одақ ішінде де электрондық құжат айналымы болуын атап көрсетті. Руслан Давыдовтың сөзінше, цифрлық таңбалау қазірдің өзінде ЕАЭО елдерінде кеңінен қолданылады. Түрлі тауар топтарын таңбалаумен қамту деңгейі мемлекеттер бойынша әртүрлі болуы мүмкін, алайда жұмыс жүргізілуде және бұл белгілі бір тауар бірлігі айналымының заңдылығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. ЕЭК министрі навигациялық пломбалар "бестікте" 2026 жылғы ақпаннан қолданыла бастайтынын еске салды – тиісті шешімді Комиссия Алқасы қабылдады. Тауарларды тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды ендіру цифрлық экожүйені қалыптастырудағы және тауарларды әкелу мен олардың айналымының ашықтығын жақсарту жөніндегі бұдан арғы жұмыстағы қисынды қадам болып табылады. "Келешекте бұл құралдарды ендіру тауарлардың қозғалысы туралы үлкен деректерді қалыптастыруға мүмкіндік береді, оларды тек кеден органдары ғана емес, сонымен қатар басқа да мүдделі бақылаушы құрылымдар талдайтын болады, бұл күмәнді және қауіпті жеткізілімдерді, соның ішінде балалар тауарларын анықтауға көмектеседі", — деп атап өтті Руслан Давыдов.  ЕЭК министрі өз сөзін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының тапсырмасы бойынша Комиссия ЕАЭО-ға тауарлар әкелуді декларациялауға мониторинг және талдау жүргізеді әрі бұл талдаудың нәтижелері заңсыз өнімді әкелуге қарсы күресте пайдалы болып шықты деп толықтырды. "Осы жылғы шілде айында Комиссия Алқасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге арнап кедендік декларацияның 31-графасының толтырылуын тексеруге бағытталған қосымша шаралар қабылдау туралы ұсыным қабылдады — бұл арада сөз импортталатын киім мен аяқ киім сипаттамасының толықтығы туралы болып отыр. Егер декларацияда артикул, модель, өндіруші және сауда маркасы көрсетілмесе, әкелудің заңдылығын бақылау әлдеқайда қиын болатынын түсінеміз", – деп түйіндеді Руслан Давыдов.  Ол сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше барлық елдің мемлекеттік органдарының контрафактіге және жалған өнімге қарсы күрестегі күш-жігерді қадамдастыру бойынша белсенді бірлескен жұмысының қажеттігін атап көрсетті.
08 қазанның 2025 Максим Ермолович Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетовпен жұмыс кездесуін өткізді Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 8 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетовпен жүздесіп, бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.   Тараптар атқарушылық іс жүргізуге және сот орындаушыларының мәртебесіне қатысты Қазақстан заңнамасын жетілдіру мәселелеріне бөлекше назар аударды. Сондай-ақ, құқық қолданудың кейбір мәселелеріне, соның ішінде бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушыларға қатысты қабылданған Комиссия шешімдерінің дәлелді ұсынулары мен мәжбүрлеп орындалуына байланысты мәселелерге тоқталды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ЕАЭО Сотында Комиссияның бәсекелестік саласындағы шешімдері мен іс-әрекетіне шағымдану бөлігіндегі соңғы түзетулер де қаралды. "Кездесу қорытындысы алдағы бірлескен жұмыстың түйінді бағыттары мен монополияға қарсы реттеудегі қиындықтарды шешудің ықтимал форматтары туралы уағдаластық болды", – деп атап өтті Максим Ермолович.  Бұдан басқа, тараптар Одақ елдерінің уәкілетті органдары басшылары мен Максим Ермоловичтің "5+1" форматындағы 2025 жылғы қазан айында Брестте өткізу белгіленген алдағы кеңесінің күн тәртібін талқылады.
Тағы да көрсету