Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
16 Mar 2023
ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны 2023 жылғы қаңтар айында 10%-дан астамға қысқарды
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2023 жылғы қаңтар айының соңындағы жай-күйі бойынша 884,2 мың адамды құрап, 2022 жылғы осы күнмен салыстырғанда 10,1% қысқарды. Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 1%-ын құрайды. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,1% құраған еді. ЕАЭО-дағы жұмыссыздық туралы толығырақ ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті бетіндегі «Жұмыссыздық туралы» бөлімде берілген.
16 Mar 2023
Эльдар Алишеров Ресей Федерациясының ФКҚ басшысы Руслан Давыдовпен кездесті
Кедендік реттеу саласындағы өзекті мәселелерді Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеров пен Ресей Федералдық кеден қызметінің басшысы Руслан Давыдов 15 наурыздағы жұмыс кездесуі барысында талқылады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақта Тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық бітемелерді қолдану және ЕАЭО Кеден кодексіне, оның ішінде электрондық сауданы реттеуге қатысты енгізілетін өзгертулерді дайындау туралы келісімді тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелері қаралды. Тараптар ЕАЭО-да кедендік әкімшілендіруді дамыту болашағы туралы пікір алмасты.
16 Mar 2023
ЕЭК бәсекелестік блогы мен ҚХР Қаржы министрлігінің өкілдері мемлекеттік сатып алу мәселелерін талқылады
Еуразиялық экономикалық одақта сатып алуды реттеу туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясат және саясат департаментінің директоры Жанар Адикова 15 наурызда ЕЭК бәсекелестік блогы өкілдерінің Қытай Халық Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерімен өткен кездесуінде айтып берді. ЕАЭО мен ҚХР арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссияның кездесулері барысында мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзара қызығушылық бірнеше рет атап өтілді. Жанар Адикова ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алуды реттеудің негізгі мақсаттары Одақ мемлекеттері жеткізушілерінің бір-бірінен сатып алуларды кедергісіз жүргізуін қамтамасыз ету, «қонақ ретінде» сатып алуларға қатысушыларға ұлттық режимді ұсыну, сондай-ақ сатып алу процесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. «ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алуды реттеу өңірлік және ұлттық деңгейде жүзеге асырылады. Комиссияның сатып алу және ЕАЭО құқығын сақтау жөніндегі ұлттық заңнамаға мониторинг жүргізу бойынша құзыреті бар», - деп атап өтті Жанар Адикова. Департамент директорының орынбасары Армине Акопян қытайлық әріптестердің ынтымақтастыққа қызығушылық танытқандарын, олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибемен бөлісуге дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол осы саладағы ұлттық мемлекеттік органдар үшін қызығушылық тудыратын мәселелердің бар екенін және олардың өкілдері қытайлық әріптестермен өтетін кейінгі кездесулерге шақырылатынын хабарлады. Қытай ведомствосы өкілдерін ЕАЭО құқығында көзделген мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу саласындағы ұлттық режимді ұсыну жөніндегі міндеттемелері және одан алып қоюды енгізу мүмкіндіктерінің болуы ерекше қызықтырды. ҚХР Қаржы министрлігінің мамандары Қытайдағы мемлекеттік сатып алудың құқықтық жүйесінің негіздерін ұсынды және электрондық сатып алудың озық жүйесін пайдалану туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, диалогты жалғастыруға келісті.
16 Mar 2023
Михаил Мясникович: «ЕАЭО шектеулер, санкциялар және пандемия жағдайында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді»
ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Мәскеудегі Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының съезінде Еуразиялық интеграциялық процестерді ілгерілетудегі бизнестің рөлі туралы айтты. РӨКО съезіне Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин де қатысты. Михаил Мясниковичтің айтуынша Еуразиялық экономикалық одақ пандемия шектеулері, санкциялары мен карантиндік шаралары жағдайында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. «Еуразиялық экономикалық одақ үкіметтерінің, бизнесінің және жарғылық органдарының күш-жігерінің арқасында ЕАЭО-дағы тауарлармен өзара сауда-саттық көлемі соңғы 3 жылда 35%-дан аса өсіп, рекордтық 83 млрд долларға жетті. Бұл ретте ынтымақтастықтың ауқымы мен тереңдігін айғақтайтын кооперациялық тауарлармен өзара сауда жасау көрсеткіштері осы кезеңде бір жарым есеге ұлғайды», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы». ЕЭК Алқасының төрағасы Одақтың ортақ нарығының артықшылықтарының арқасында шикізатты, жиынтықтаушы және түпкілікті тауарларды жеткізудің логистикалық тізбегін қалыптастыруды жедел қамтамасыз етуге болатынын айтты. Михаил Мясникович мемлекеттік сатып алу механизмін жетілдіруге баса назар аударды. Ол мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың шықан елін анықтаудың бірыңғай ережелері әзірленгенін, олар үнемі жетілдіріліп отыратынын айтты. Оларды әзірлеу кезінде Комиссия мен мүше мемлекеттер Одақ елдеріндегі өндірістерді оқшаулауға ықпал ететін кооперациялық тәсілді ұстанады. Сонымен қатар, Еуразиялық тізілім қолданылады, оның үзінді көшірмесі тауардың шыққан елін растайды және бұл бизнестің көптеген әкімшілік кедергілерге тап болмауына мүмкіндік береді. ЕЭК Алқасы басшысының айтуынша ЕАЭО елдері жоғары технологиялық қызмет түрлерінің үлесін арттыруы тиіс. «Қысқа мерзімде қомақты инвестиция қажет. Микроэлектроника, электронды компоненттік база, химия өнеркәсібі және фармацевтика саласы, авиациялық және медициналық өнеркәсіп, автомобиль және білдек жасау сияқты салаларға басымдық беру керек», - деп атап өтті Михаил Мясникович. Ол сондай-ақ Одағымызда технологиялық тәуелсіздікке ғылыми негізделген тәсілдер негізінде қол жеткізуге болатынына сенім білдірді. Техникалық реттеу мәселелеріне қатысты ЕЭК Алқасының төрағасы қазіргі уақытта Одақ нарығында айналымдағы өнімнің 85%-на қатысты бірыңғай қауіпсіздік талаптары белгіленгенін атап өтті. «15 мыңнан аса стандарт қолданылады. Мемлекетаралық стандарттарға деген сұраныс арта түсуде. Өнеркәсіп пен бизнес өкілдерінің оларды әзірлеу процесіне қатысуын қамтамасыз ету өте маңызды», - деді Михаил Мясникович.
16 Mar 2023
ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік өндіріс 2022 жылғы қаңтар айындағы деңгейге қарағанда 97,8%-құрады
2023 жылғы қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2022 жылғы қаңтардағы деңгейге қарағанда 97,8%-құрады. 2023 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісі Қырғызстанда 7,5%-ға, Армения мен Қазақстанда 1,4%-ға өсті; ал керісінше Беларусьте 4,1%-ға және Ресейде 2,4%-ға төмендеді. Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің бетіндегі «Өнеркәсіптік өндіріс» бөлімінде берілген.
16 Mar 2023
ЕЭК-те Одақтың АӨК асыл тұқымды мал шаруашылығында геномдық селекцияны енгізу бойынша ұсыныстарды талқылады
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің сарапшылары, мемлекеттік органдар, бизнес және ғылым өкілдері Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Айна Құсайынованың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында тәжірибе алмасып, ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы жануарларының геномдық селекциясы мәселелерін талқылады. «Қазіргі уақытта Одақтың барлық елдері экономикалық, ұйымдастырушылық және кадрлық мүмкіндіктерге байланысты әртүрлі дәрежедегі белсенділікпен геномдық селекцияны өз бетінше қолдану мәселесін шешуде. Кейбір мемлекеттерде немесе олардың өңірлерінде асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі геномдық бағалауға көшуге дайын, ал кейбір жерлерде қажетті инфрақұрылымды құру бойынша да, ұйымдастыру іс-шаралары бөлігінде де айтарлықтай жұмыс жүргізу қажет», – деп атап өтті Айна Құсайынова. Кеңес беру барысында мүше мемлекеттердің мамандандырылған зертханалар құрылымын қалыптастыруға, асыл тұқымды жануарлардың референтті популяциясын құруға, геномдық талдау негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау жүйесін ұйымдастыруға көзқарастары тыңдалды және талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша ықтимал келісілген іс-қимылдар мен тәсілдерді анықтау мақсатында геномдық селекцияны пайдалану бойынша халықаралық тәжірибені және Одақ мемлекеттерінің әрқайсысындағы жағдайды неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу туралы келісілді.
15 Mar 2023
Техникалық құралдардың төмен вольтты жабдықтары мен электромагниттік үйлесімділігіне арналған техрегламенттердің өнімдер тізбесі өзектендірілді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы өнім тізбесіне өзгерістер енгізді, оған қатысты кедендік декларацияны беру Одақтың «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» және «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденеді. Өнім тізбелері ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 90 және 2022 жылғы 10 маусымдағы № 91 шешімдерімен техрегламенттерге енгізілген өзгертулерге сәйкес түзетілді. Сондай-ақ, барлық өнім түрлері үшін тізбелерде ЕАЭО СЭҚ ТН 10 таңбалы кодтары белгіленген. Өзгертулер ЕЭК Алқасының тиісті шешімдері ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
15 Mar 2023
ЕАЭО техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі – нақты жетістіктер мен міндеттер
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Виктор Назаренко 13 наурызда Мәскеуде «Ресей бизнесі апталығы» аясында өткен «ЕАЭО-дағы техникалық реттеу мен стандарттаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық форумында айтып берді. ЕЭК министрінің айтуынша, ЕАЭО техникалық реттеу саласында оны дамытудың негізгі мақсаттары мен басымдықтары нақты айқындалған. Негізгі мақсаттарға саудадағы техникалық кедергілерді жою, ішкі нарықты қауіпті өнімдерден қорғау және өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатады. Өзара сауда жасаудағы техникалық кедергілерді жою бөлігінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер біраз жұмыстар атқарды. Сонымен қатар осы бағыт бойынша жұмыстарды айтарлықтай жандандыру қажет. «Одақ деңгейінде өнімнің жекелеген түрлеріне қатысты бірыңғай міндетті талаптардың болмауын Одақ органдары ЕАЭО-ның ішкі нарығында тауарлардың еркін қозғалысына кедергі келтіретін шектеу ретінде танып отыр. Техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін дамыту шеңберінде бұл шектеуді еңсеру Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының назарынан тыс қалмауға тиіс. Алайда, техникалық регламенттерді әзірлеу және оларға енгізілген өзгертулер бөлігінде тиісті құжаттарды орындау мерзімдерін бұзу үрдістері байқалады және Одақтың жекелеген мемлекеттері деңгейінде өнімнің жекелеген түрлерін ұлттық реттеуге қайта оралу талпыныстары бар», - деп атап өтті Виктор Назаренко. Министр бірқатар мүше мемлекеттерде елдің ұстанымын тұжырымдау кезінде дұрыс дәрежедегі үйлестірудің жоқтығына, техникалық регламенттерді әзірлеу және оларға өзгертулерді енгізу үшін жауапты Одақ елдерінің уәкілетті органдарының орындаушылық тәртібінің жеткіліксіздігіне назар аударды. Министр техникалық регламенттер мен стандарттар тізбесі талаптарының жоғары деңгейін қолдау үшін ЕАЭО-ға техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейін және олардың стандарттар тізбесін бағалау тетігін толық көлемде енгізу қажет екенін атап өтті. Бұл сонымен қатар жүйелік деңгейде қолданыстағы және жаңа мемлекетаралық стандарттарды (МЕМСТ) қайта қарауға мүмкіндік береді. ЕЭК министрі өнеркәсіп кәсіпорындарының стандарттаудың барлық процестеріне қатысуына ерекше назар аударды. «Бұл ретте, талаптардың жоғары деңгейіне шығу үшін техникалық регламенттер мен стандарттарды қолдану практикасын, олардың қажеттілігін бағалау, олардың бизнеске нақты әсерін бағалау сияқты басқа да маңызды міндеттерді орындау талап етіледі. Дәл осы жерде біз үшін өнеркәсіп пен бизнестің ұстанымы маңызды. Техникалық регламенттердің стандарттарын әзірлеу бағдарламаларын орындау үдемелі болуға тиіс. Одақтың 45 техникалық регламентінің стандарттау бағдарламаларына қосылған тақырыптарының тек 58% бойынша ғана әзірлемелерді аяқтау қанағаттанарлық деп саналмайды. Одақ мемлекеттерінің стандарттауды қаржыландыру мәселелеріндегі рөлі де қайта қаралуы тиіс», - деді министр. Виктор Назаренко сәйкестікті бағалаудың көптеген адал органдарының аясында бірқатар сертификаттау органдары мен сынақ зертханалары өндірушінің жосықсыз уәкілетті тұлғаларымен бірігіп шетелдік өнімді жеткізу кезінде тиісті құжаттарды алу үшін бұрын-соңды болмаған жағдайларды қалыптастырғанын атап өтіп, өткір және талқыланатын тақырып ретінде сәйкестікті бағалау мен аккредиттеуді қозғады. Жағдай Одаққа мүше мемлекеттерде қабылданатын сәйкестікті бағалау рәсімдерін оңайлату жөніндегі жекелеген шешімдермен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қадағалау (бақылау) органдарын нарықты қорғау жөніндегі өз функцияларын орындаудан іс жүзінде жоюмен күрделене түсуде. Министр форумға қатысушыларға ұсынылған органдардың бірінің 2022 жылғы жұмыс нәтижелеріне түсініктеме бере отырып: «28 мемлекеттік қадағалау органының ішінде нарықтағы өнімнің қауіпсіздік деңгейін тек 4-5 орган ғана объективті бағалай алады», - деді. Сондықтан бүгінгі таңда Одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік қадағалау жүйесін жетілдіру аса өзекті болып табылады, ол тиімді жұмыс істемей тұтынушыларды қауіпті өнімдерден қорғау мүмкін емес, ал одақтас өнеркәсіп тең емес бәсекелестік жағдайда екені белгілі. Стандарттау мен өзгертулердің тұтастығын қамтамасыз ету тақырыбын қозғай отырып, Виктор Назаренко кез келген инвестициялық, инновациялық немесе кооперациялық жобаны заманауи мемлекетаралық стандарттарды әзірлемей, өлшеу және сынақ мүмкіндіктерін дамытпай тиімді іске асыру мүмкін емес екенін және бизнесті стандарттауға және өлшеулердің тұтастығын қамтамасыз етуге басты салалар ретінде назар аударуға шақырды, онсыз өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес екенін атап өтті. ЕЭК Министрі ЕАЭО шеңберінде цифрлық техникалық реттеу жөніндегі жобаны қоса алғанда, Еуразиялық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыруға және жақында болатын өнеркәсіппен және бизнеспен Өнімнің сапасын қамтамасыз етудің еуразиялық жүйесін құру тұжырымдамасын талқылауға тоқталды. Сөзін қорытындылай келе, Виктор Назаренко мүше мемлекеттердің бизнес өкілдері мен уәкілетті органдарын қалыптасқан экономикалық жағдайды және осы саладағы интеграцияның өзекті міндеттерін шешу қажеттілігін ескере отырып, техникалық реттеудің негізгі элементтерін іске асыру тәсілдерін қайта қарауға шақырды.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы
ЕЭК әлеуметтік желілерде
VK
Youtube
Telegram