тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 17
08 қазанның 2025
ЕЭК және АСЕАН елдерінің сарапшылары бәсекелестік мәселелерін талқылады
ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян АСЕАН бәсекелестік жөніндегі сарапшылық тобының 35-ші отырысының арнайы сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен бәсекелестік мәселелері бойынша ынтымақтастығының кейбір қорытындылары мен өзара іс-қимылының перспективалары туралы айтып берді. "Бәсекелестік бойынша ЕЭК-АСЕАН арнайы сессияларын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл бізге дәйекті диалог жүргізуге және практикалық тұрғыда ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Армине Акопян. Сессия барысында биылғы шілдеде Комиссия өткізген Еуразиялық экономикалық одақ пен АСЕАН елдеріндегі бәсекелестік саясат пен құқық қолдануға арналған семинардың нәтижелері талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша ЕЭК және АСЕАН қызметінің айрықша қызығушылық тудырған бағыттары баса көрсетілді. Олар, атап айтқанда, АСЕАН ұлттық бәсекелестік органдарының өзара іс-қимылының ойдағыдай форматтарына, олардың қызметін бағалау әдіснамасына, құқық қолданудың бірқатар ерекшелігіне қатысты болды. АСЕАН жыл сайын Комиссия өткізетін бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік ұйымдардың кездесулерінің қорытындыларына, сондай-ақ ЕЭК-тің осы саладағы өкілеттіктерін қалыптастыру тәжірибесіне қызығушылық танытты. "ЕАЭО мен АСЕАН-дағы интеграцияның әртүрлі деңгейіне, ЕЭК пен АСЕАН-ның бәсекелестік саласындағы өкілеттіктері мен функционалындағы айырмашылықтарға қарамастан, екі интеграциялық бірлестіктің мақсаты бір, ол — адал бәсекелестік үшін жағдай жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біз бір-біріміздің таңдаулы практикамызды үйренуге және оларды өз жұмысымызға ендіруге дайынбыз", — деп атап көрсетті Армине Акопян. . Отырысқа қатысушылар Комиссияның пікірсайыстарды семинарлар мен консультациялар форматында, сондай-ақ бәсекелестік мәселелері бойынша интеграциялық өңірлік ұйымдардың диалогына қатысу арқылы жалғастыру туралы ұсынысын қолдады. Іс-шараға АСЕАН мемлекеттерінің бәсекелестік органдарының, сондай-ақ АСЕАН Хатшылығының өкілдері қатысты.
08 қазанның 2025
Руслан Давыдов: "Цифрлық кедендік құралдар балаларға арналған тауарларды заңсыз әкелуден қорғауға қабілетті"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" халықаралық форумының тақырыптық сессиясында ЕАЭО кеңістігінде қазірдің өзінде қолданылып жүрген және балаларға арналған тауарларды заңсыз әкелуге қарсы перспективалық шаралар ретінде қарастырылатын цифрлық құралдар туралы айтты. ЕЭК кеден блогының басшысы цифрландырудың үш негізгі құралын: навигациялық пломбаларды, тауарларды цифрлық таңбалауды және тауарлардың Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі кезінде де, Одақ ішінде де электрондық құжат айналымы болуын атап көрсетті. Руслан Давыдовтың сөзінше, цифрлық таңбалау қазірдің өзінде ЕАЭО елдерінде кеңінен қолданылады. Түрлі тауар топтарын таңбалаумен қамту деңгейі мемлекеттер бойынша әртүрлі болуы мүмкін, алайда жұмыс жүргізілуде және бұл белгілі бір тауар бірлігі айналымының заңдылығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. ЕЭК министрі навигациялық пломбалар "бестікте" 2026 жылғы ақпаннан қолданыла бастайтынын еске салды – тиісті шешімді Комиссия Алқасы қабылдады. Тауарларды тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды ендіру цифрлық экожүйені қалыптастырудағы және тауарларды әкелу мен олардың айналымының ашықтығын жақсарту жөніндегі бұдан арғы жұмыстағы қисынды қадам болып табылады. "Келешекте бұл құралдарды ендіру тауарлардың қозғалысы туралы үлкен деректерді қалыптастыруға мүмкіндік береді, оларды тек кеден органдары ғана емес, сонымен қатар басқа да мүдделі бақылаушы құрылымдар талдайтын болады, бұл күмәнді және қауіпті жеткізілімдерді, соның ішінде балалар тауарларын анықтауға көмектеседі", — деп атап өтті Руслан Давыдов. ЕЭК министрі өз сөзін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының тапсырмасы бойынша Комиссия ЕАЭО-ға тауарлар әкелуді декларациялауға мониторинг және талдау жүргізеді әрі бұл талдаудың нәтижелері заңсыз өнімді әкелуге қарсы күресте пайдалы болып шықты деп толықтырды. "Осы жылғы шілде айында Комиссия Алқасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге арнап кедендік декларацияның 31-графасының толтырылуын тексеруге бағытталған қосымша шаралар қабылдау туралы ұсыным қабылдады — бұл арада сөз импортталатын киім мен аяқ киім сипаттамасының толықтығы туралы болып отыр. Егер декларацияда артикул, модель, өндіруші және сауда маркасы көрсетілмесе, әкелудің заңдылығын бақылау әлдеқайда қиын болатынын түсінеміз", – деп түйіндеді Руслан Давыдов. Ол сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше барлық елдің мемлекеттік органдарының контрафактіге және жалған өнімге қарсы күрестегі күш-жігерді қадамдастыру бойынша белсенді бірлескен жұмысының қажеттігін атап көрсетті.
08 қазанның 2025
Максим Ермолович Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетовпен жұмыс кездесуін өткізді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 8 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетовпен жүздесіп, бәсекелестік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар атқарушылық іс жүргізуге және сот орындаушыларының мәртебесіне қатысты Қазақстан заңнамасын жетілдіру мәселелеріне бөлекше назар аударды. Сондай-ақ, құқық қолданудың кейбір мәселелеріне, соның ішінде бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушыларға қатысты қабылданған Комиссия шешімдерінің дәлелді ұсынулары мен мәжбүрлеп орындалуына байланысты мәселелерге тоқталды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ЕАЭО Сотында Комиссияның бәсекелестік саласындағы шешімдері мен іс-әрекетіне шағымдану бөлігіндегі соңғы түзетулер де қаралды. "Кездесу қорытындысы алдағы бірлескен жұмыстың түйінді бағыттары мен монополияға қарсы реттеудегі қиындықтарды шешудің ықтимал форматтары туралы уағдаластық болды", – деп атап өтті Максим Ермолович. Бұдан басқа, тараптар Одақ елдерінің уәкілетті органдары басшылары мен Максим Ермоловичтің "5+1" форматындағы 2025 жылғы қазан айында Брестте өткізу белгіленген алдағы кеңесінің күн тәртібін талқылады.
08 қазанның 2025
Гоар Барсегян "Алтын күз — 2025" іс-шараларына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян 8 қазанда "Алтын күз — 2025" Ресей агроөнеркәсіптік көрмесінің ашылу рәсімі мен пленарлық сессиясына қатысты. Іс-шарада ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдету мақсатында аграрлық нарықты цифрлық модельге айналдыру құралдары, шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында жаңа технологияларды ендіру механизмдері талқыланды. Комиссия кәсіпкерлерге қаржылық мүмкіндіктерді қоса, өңірлік экономикаға белсене қатысу үшін мүмкіндіктер беретіні атап өтілді. Көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде Гоар Барсегян АӨК компанияларының озық әзірлемелерімен танысты. "Алтын күз — 2025" іс-шараларына Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, РФ Цифрлық даму министрі Максим Шадаев, салалық және қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың, одақтардың, агроөнеркәсіп саласы кәсіпорындарының көшбасшылары қатысты.
08 қазанның 2025
ЕАЭО елдерінің туристік секторында өсудің үлкен әлеуеті бар
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туризмді дамыту тұжырымдамасына мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылдың соңына дейін қол қоюы мүмкін. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Лусина Багратуни бұл туралы Астанадағы Kazakhstan Travel Forum Саяхат — 2025 форумында хабарлады. "Бұл — саланы дамытудың түйінді бағыттары мен Одақтағы ішкі туризмді ынталандыру шараларын айқындайтын стратегиялық құжат", — деп атап көрсетті Лусине Багратуни. ЕЭК өкілі Комиссия алаңында Одақ елдерімен бірлескен туризм саласындағы бастамаларды іске асыру, Еуразиялық туристік маршруттарды әзірлеу және дамыту, сондай-ақ ЕАЭО ақпараттық порталында туризм туралы тақырыптық бөлім құру туралы айтып берді. Форумға қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің туристік секторының айтарлықтай өсу әлеуеті бар деген ортақ пікірге келді. Kazakhstan Travel Forum Саяхат — 2025 форумына ірі туроператорлар, мемлекеттік органдардың, халықаралық туристік қауымдастықтардың өкілдері және жетекші салалық сарапшылар қатысты.
07 қазанның 2025
Бақытжан Сағынтаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. "Сіз Еуразиялық экономикалық одақты құрудың бастауында тұрдыңыз және оның дамуына үлкен жеке үлесіңізді қосуды жалғастырып келесіз. Сіз ел басшысы мәртебесіндегі қызметіңізде ЕАЭО мемлекеттерінің сындарлы экономикалық ынтымақтастығына алдағы уақытта да жәрдемдесе беретініңізге сенімдімін", – делінген құттықтау хатта. ЕЭК Алқасының басшысы Комиссия атынан және жеке өз атынан Владимир Путинге мықты денсаулық, құт-береке және Ресей халқының игілігіне арналған жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі.
07 қазанның 2025
Валентин Татарицкий: "Одақтың техникалық реттеу жүйесі нарықты қауіпсіз емес және контрафактілік өнімнен қорғауға елеулі үлес қосады"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумының пленарлық отырысында өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған реттеу шараларын әзірлеудегі әртүрлі сала мен құзыреттің өзара байланысын және олардың арасындағы бірыңғай техникалық реттеу жүйесінің орнын баса көрсетті. ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған 52 техникалық регламенттің 48-і және олармен байланысты 8800-ден астам мемлекетаралық және ұлттық стандарт өнімнің ортақ нарығы үшін негіз құра отырып, қазірдің өзінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі мен бизнесінде қолданылып жатқанын мәлімдеді. "Қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтау және ғылымның, технологиялардың, өндірістердің, сынақ базасының қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келу үшін Одақ құқығына техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағалауды жүргізу механизмі ендірілді. 2029 жылға дейін біз Одақтың 29 техникалық регламентін бағалауды жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Ол Одақтық нарыққа жосықсыз өндірушілер мен қауіпсіз емес өнімдерді жібермеуге ықпал ететін жұмысқа толығырақ тоқталды. "2025-Стратегиясын іске асыру кезеңінде сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың, сынақ зертханаларының қызметін жақсарту бойынша аккредиттеу саласында үлкен жұмыс атқарылды. Одақтың бірыңғай тізілімінде осындай 2800 ұйым бар. Біз қазір ұлттық аккредиттеу органдары жосықсыз зертханалар мен сертификаттау органдарын тізілімнен алып тастайтынын көріп отырмыз, елдермен осындай тізілімге кіру критерийлерін қатаңдату бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір Комиссия алаңында осы ұсыныстар талқылануда", - деп атап өтті Валентин Татарицкий. Міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалау туралы айта келе, ол елдер деңгейінде олардың қадағалау саясатын іске асыруға бірден бірнеше реттеуші тартылғанына назар аударды. Қазіргі уақытта олардың Одақ мемлекеттеріндегі жалпы саны - 35. Оның пікірінше, нарықтағы өнімнің айналысын қадағалау органдарының қызметі жандана түсті. Мұны Комиссияға өзара іс-қимылдың белгіленген деңгейі шеңберінде Одақ елдері техникалық регламенттерінің талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалаудың ұлттық органдарынан келіп түсіп жатқан мәліметтер растайды. Бұл ретте спикер оны дамыту жөніндегі, соның ішінде екі бейіндік: өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы және техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалаудың жалпы қағидаттары мен тәсілдемелері бойынша келісім шеңберіндегі жұмыстар кешенін атап өтті. "Біз бес елдің қадағалау органдарының қадамдас және жедел ден қою механизмі бойынша көп те жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда олардың арасындағы өзара іс-қимылдың сауатты схемасын құру өте маңызды", – деп сенім білдірді Валентин Татарицкий. ЕЭК министрі Одақ нарығын сәйкес келмейтін өнімдерден тиімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша диалогты қолдау қажеттігіне айрықша назар аударды. "Сұрқай" бизнеске қарсы күресте сәйкестікті бағалау құралдарын, соның ішінде объективті түрде қажет болатын осындай бағалау нысандарын қатаңдату арқылы қолдану қажет. Спикер аталған жұмыстардың барлық бағыты 2030-Декларациясын іске асыру жоспарында көзделгенін еске сала отырып, мұндай қажеттілік техникалық регламенттерді сәйкестікті бағалаудың жаңа үлгілік схемаларына сәйкестендіру кезінде талданады",- деп тиянақтады. Сөзін қорытындылай келе, Валентин Татарицкий мүдделі барлық адамды сәйкестікті бағалау саласына жаңа көзқарастың тәуекелі мен артықшылығын жан-жақты талдауды қамтамасыз ету үшін тиісті талқылауларға қосылуға шақырды. Бұл қауіпсіз емес және контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін қажет.
07 қазанның 2025
Руслан Давыдов: "ЕАЭО Кеден кодексіне темекі өнімінің жалған транзитіне қарсы күреске бағытталған түзетулер енгізу жоспарлануда"
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" форумындағы құрамында никотин бар өнімдер нарығына арналған сессияда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде темекі өнімінің жалған транзитіне және жалған экспортына қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын шаралар туралы айтты. ЕЭК министрінің сөзінше, Кеден кодексіне тиісті түзетулер дайындалды және олар жоғары дайындық дәрежесінде. Руслан Давыдов пікірсайысқа қатысушыларды ЕАЭО-да 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енетін навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалап отыру механизмін енгізу туралы хабардар етті. "Темекі өнімдерінің заңсыз әкелінуі мен айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі – Комиссия алаңында бейінді жұмыс тобының жұмыс істеуі. Ол өткен жылы бизнестің бастамасы бойынша құрылды, оның негізгі міндеті ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз темекі және құрамында никотин бар өнімдерді астыртын өткізудің жолын кесу мәселелері бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу болып табылады", - деп атап көрсетті ЕЭК кеден блогының басшысы. Сессияға сондай-ақ цифрлық таңбалау операторлары, темекі өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының және Беларусь пен Қазақстанның бейінді қауымдастықтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Контрафактілік және бұрмаланған өнімдерді әкелуге қарсы әрекет етуге елеулі үлес қосқаны үшін "Антиконтрафакт" халықаралық қауымдастығының шешімімен Руслан Давыдов "Контрафактіге қарсы күреске сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Тағы да көрсету