Жаңалықтар

21.02.2022 (Обновлено: 05.03.2022 15:52)

18 ақпандағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

18 ақпандағы отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүше мемлекеттердің өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың зергерлік саласын дамыту үшін ұсыным қабылдады.

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы және аумағындағы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізді.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да көрсетілетін қызметтердің электрондық саудасына салық салу механизмдерін мақұлдады.

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта қауіпті өнім туралы ақпараттық жүйені қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қорытындылары негізінде осы ақпараттық жүйені ЕАЭО-да қалыптастыру жөніндегі жалпы процесті толық мәнінде іске қосу үшін қажетті құжаттарды және Одақ нарығында айналыстағы өнімді қадағалауды ұйымдастыру саласында қабылданған келісімдерді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын дайындауға кірісуге шешім қабылдады.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның цифрлық көлік дәліздері экожүйелерінің ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық «көрме-сөресін» құру мерзімін түзетті.

ЕЭК Кеңесі терефтал қышқылы мен оның тұздарына, сондай-ақ шұлық-ұйық бұйымдарына арналған жіптің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкаларын белгіледі, іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының қолданылу мерзімін ұзартты.

ЕЭК Кеңесі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес шығарылу критерийлері қолданылатын тауарлардың тізбесін тағы 12 позициямен толықтыру туралы шешім қабылдады.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 18 наурызда болады.