тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6960

17 қазанның 2025 Гоар Барсегян мен Оксана Лут АӨК-тегі өзекті мәселелерді талқылады 17 қазанда "Алтын күз — 2025" агроөнеркәсіптік көрмесінің қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян мен Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут жұмыс кездесуін өткізді. Министрлер ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау барысын 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" агроөнеркәсіптік кешені бөлігінде талқылады. ЕАЭО агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 13 қарашада Минскіде өткізуге жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Тараптар мүше мемлекеттердің АӨК-те кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмін қалыптастыру тәсілдемелеріне назар аударды. "Бұл қаржы құралын ендіру ЕАЭО шеңберінде ортақ нарық ауқымын іске асыруға, тараптардың технологиялық және өндірістік құзыреттерін, шаруашылық қызметтің тиімді экономикалық жағдайларын пайдалануға мүмкіндік беретін АӨК-те бірлескен жобаларды іске асырудың маңызды практикалық қадамы болып табылады", — деп атап өтті Гоар Барсегян.  Гоар Барсегян мен Оксана Лут ЕАЭО шеңберінде ортақ аграрлық нарықты дамыту бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. ЕАЭО мемлекеттерінің интеграцияны және АӨК-ті инновациялық дамытуды тереңдету перспективаларын талқылау үшін 2026 жылы Еуразиялық агроөнеркәсіптік конгресс өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
17 қазанның 2025 Мәскеуде ЕАЭО шеңберіндегі бәсекелі мемлекеттік сатыпалымды дамыту талқыланды 16 қазанда Мәскеуде "ЕАЭО-дағы мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым" халықаралық конференциясында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы саланы реттеу қағидаттарының бірі ретінде бәсекелі мемлекеттік сатыпалымды дамыту талқыланды. Іс-шарада цифрландыру, сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын орындау, банк сүйемелдеуі және кадрлар даярлау деңгейін арттыру негізінде мемлекеттік сатыпалым саласындағы бәсекені дамыту аспектілері қаралды. Ұлттық сервистерге трансшекаралық қол жеткізудің проблемалық мәселелеріне айрықша назар аударылды. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович конференцияға қатысушыларды ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатыпалым нарығындағы үрдістер туралы хабардар етті. Одақ туралы шартта айқындалған мемлекеттік сатыпалым саласындағы реттеу мақсаттары мен қағидаттарын іске асыруға бөлекше тоқталды. ЕЭК министрі бәсекеге қабілетсіз мемлекеттік сатыпалым сегментінің жұмыс істеуіне назар аударды, оған қазір бәсекелік механизмдері белсенді ендірілуде. "Бұл мемлекет мұқтажы үшін тауарларды трансшекаралық жеткізуді ұлғайтуға жағдай жасайды. ЕАЭО-ның бірқатар елінде — Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде — "электрондық дүкеннен" сатыпалым пайдаланылады, тауарлардың стандартталған сипаттамалары бар "электрондық каталогтар" қолданылады", — деп атап өтті Максим Ермолович.  ЕЭК министрі сатыпалымның мұндай тәсілдері ЕАЭО құқығында әлі көзделмегенін түсіндіріп өтті. Алайда оларды қолдану сарапшылар тарапынан белсенді талқылануда. Мүше мемлекеттердің мүддесі үшін — бірыңғай реттеу негізінде жаңартпалар ендірудің үйлестірушілігін қамтамасыз ету. Конференцияны ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетімен бірлесіп өткізді. Іс-шараға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, ЕАЭО электрондық сауда алаңдары мен бизнесінің өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушыларға ҚХР Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының орынбасары Чан Йон бейнежолданым арнады.
17 қазанның 2025 Өзбекстанның биржалық қызметтегі тәжірибесі ЕАЭО-ның ортақ биржалық нарығын құру кезінде пайдаланылатын болады Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Өзбекстан Республикасына сапары барысында Өзбекстан республикалық тауар-шикізат биржасы басқарма төрағасының орынбасары Набихон Саматовпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2030 жылға қарай ортақ биржалық нарықты қалыптастыру бойынша ЕЭК-тің мүше мемлекеттермен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты. Тараптар ЕАЭО шеңберінде биржалық сауда саласындағы өзара іс-қимыл және таңдаулы практика ауысу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша өзбек тарапы өкілдерінің Биржалық комитетке қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен Иран Ислам Республикасының байқаушылары кіреді. "Өзбек тауар-шикізат биржасының өкілдерін байқаушы ретінде шақыру, сондай-ақ биржалық модельдің жұмыс істеуінің олардағы тәжірибесін пайдалану ЕАЭО-да ортақ биржалық нарық қағидаттарын қалыптастырудың бастапқы кезеңіне серпім береді", — деп атап көрсетті Максим Ермолович. 
16 қазанның 2025 ЕЭК өткізу пункттерінде цифрлық технологияларды пайдалану туралы семинар ұйымдастырды 16 қазанда ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың төрағалық етуімен "Интеллектуалдық өткізу пункттері. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден органдарындағы цифрландыру" халықаралық семинары болып өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, ЕАЭО мемлекеттері мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметтерінің, навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалап отыру операторларының, бизнес пен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар кедендік шекарадағы интеллектуалдық өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастыққа және таңдаулы әлемдік практиканы пайдалануға бағытталған қазіргі заманғы технологиялар мен шешімдерді талқылады. "Заттар интернетін, үлкен деректерді, жасанды интеллекті пайдалану және "ақылды" өткізу пункттерін құру сияқты жаңа үрдістер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтері үшін жаңа көкжиектер ашады. Бұл инновациялар кедендік бақылаудың сапасы мен тиімділігін арттыра отырып, сыртқы экономикалық қызметтің адал және заңға бағынатын қатысушыларына жәрдемдесе отырып, тауарлардың шекара арқылы өтуін жеделдетуге мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті Руслан Давыдов. ЕЭК кеден блогының басшысы Комиссияға Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерін жабдықтауға және жайластыруға қойылатын типтік талаптарды бекіту құзыреті берілгенін еске салды. Қазіргі уақытта қолданыстағы талаптарды өзектілендіру бойынша, соның ішінде жоғарыда көрсетілген озық технологияларды қолдану қажеттігін ескере отырып, белсенді жұмыс жүргізілуде. "Біздің көршілеріміз осыған ұқсас бағытта қозғалып келеді, бүкіл әлем қозғалуда. Бақылау рәсімдерін автоматтандыру – бұл мемлекеттер үшін, жеке ойыншылар үшін — екі жаққа да қолайлы процесс, нәтижесінде біздің Одақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады", — деп атап өтті Руслан Давыдов.   
Тағы да көрсету