Жаңалықтар

24 Jan 2023 Армен Арутюнян дүниежүзілік форумда ЕЭК-тің азық-түлік жүйелерін орнықты қайта құруға қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын таныстырды Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған "Азық-түлік жүйелерін орнықты қайта құру үшін қалалық және жергілікті азық-түлік жүйелерін пайдалану" панельдік сессиясы шеңберінде орнықты қайта құруға қол жеткізуде оларды трансформациялау жөніндегі азық-түлік жүйелерінің түйінді рөлі туралы баяндама жасады. ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық технологияларды ілгерілетудің, соның ішінде қалалық ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ететін және өсіп келе жатқан қалалардағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдері туралы айтып берді. "Бүгінгі таңда ЕАЭО-да Одақтың барлық елінің бизнес өкілдері арасында инновациялық өнімдерді өндіру мен ендіру және ынтымақтастықты жолға қою бөлігінде тәжірибе және білім алмасу үшін әртүрлі алаңдар қалыптастырылуда",- деп атап өтті Армен Арутюнян. Форум аясында ЕЭК өкілі бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Еуропадағы және Орталық Азиядағы Өңірлік өкілдігінің өңірлік бағдарламаларының жетекшісі Раймунд Йелемен кездесуде ЕЭК пен ФАО-ның өзара іс-қимылының перспективалы бағыттары талқыланды. Германияның іскер топтарының өкілдерімен тұқым шаруашылығын дамыту, ЕАЭО-дағы тұқым өндірісі, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін өсімдік шаруашылығында инновациялық технологияларды пайдалану, ЕАЭО-ның ішкі нарығында және үшінші елдердің нарықтарында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының экспорты жөнінде логистикалық шешімдер іздеу мәселелері қаралды. 
24 Jan 2023 ЕЭК қуаты 5-тен 50 мың кВт дейінгі газ турбиналарының бөлшектеріне арналған кедендік әкелу бажын нөлге түсірді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы қуаты 5-тен 50 мың кВт дейінгі газ турбиналарының бөлшектеріне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын уақытша негізде (қоса алғанда 2024 жылғы 31 наурызға дейін) нөлге түсіруге шешім қабылдады. Бүгінгі таңда ЕАЭО БКТ тиісті ставкасы кедендік құннан 5% құрайды. Қарастырылып отырған бөлшектерге корпустың, компрессордың және төмен қысымды турбинаның шығатын диффузорының доңғалақтары, біліктің алдыңғы ұшы, компрессор дискісі, тіректер, үрлеу ауасын салқындататын жылу алмастырғыш, қосалқы жүйелердің редукторы және Италиядан әкелінетін басқа да бөлшектер, АҚШ пен Нидерландтан әкелінетін әртүрлі клапандар, сондай-ақ Германия мен Ұлыбританиядан әкелінетін кейбір басқа бөлшектер жатады. "Бұл шара Еуразиялық экономикалық одақ аумағында түпкілікті өнім өндірісін дамытуға жәрдемдеседі және соның ішінде табиғи газды магистралдық газ құбырлары арқылы тасымалдау үшін компрессорлық станцияларда пайдаланылатын газ айдау агрегаттарында орнатылатын газ турбиналарын әзірлеуге қатысты болады",- деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Оның сөзінше, бұл шешім ЕАЭО мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңа буындағы энергетикалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуразиялық елдердің газ тасымалдау жүйесіне жаңғырту жүргізуге мүмкіндік береді. Министр сондай-ақ бүгінгі таңда Одақта газ турбиналары бөлшектерінің өндірісін оқшаулау бағдарламасы белсенді іске асырылып жатқанын атап өтті. Оларды 2025 жылға қарай аяқтау үшін босатылған қаражатты тиісті іс-шараларды одан әрі кеңейтуге жіберу жоспарлануда. Анықтама ЕЭК Алқасының 2014 жылғы 15 шілдедегі №110 және 2016 жылғы 1 наурыздағы № 21 шешімдеріне сәйкес 2014 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта газ турбиналарының бөлшектеріне қатысты кедендік құннан 0% мөлшерінде баж ставкасы қолданылып та келді.
24 Jan 2023 ЕЭК жарылғыш және есірткі заттарды іздеу мен сәйкестендіру жүйесін жетілдіреді Еуразиялық экономикалық комиссияда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жарылғыш және есірткі заттарды іздеу мен сәйкестендіру жүйесіне қойылатын бірыңғай типтік талаптарды әзірлеу басталды. Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Данияр Иманалиевтың қатысуымен өткен тиісті сарапшылық топтың алғашқы отырысында Одақтағы өткізу пункттерінде мұндай бірыңғай талаптардың әзірге жоқ екендігі атап өтілді. Бүгінде мүше мемлекеттерде сипаттамалары айырмашылықты болуы мүмкін бақылау аспаптары қолданылады. "ЕАЭО шеңберінде типтік талаптарды қабылдау Одақтың бүкіл сыртқы шекарасында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде одақтық мемлекеттердің тәсілдемесін үндестіруге мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті Данияр Иманалиев.  Сарапшылық топтың мүшелері құжатты әзірлеу, бәрінен бұрын, ЕАЭО-ға есірткі және жарылғыш заттарды заңсыз алып өту тәуекелін азайтуға және оларды іздеу мен сәйкестендіру жүйесіне қойылатын типтік талаптарды оңтайландыруға бағытталған деп атап өтті. Бірыңғай типтік талаптарды қабылдау одақтық елдер мен олардың халқының қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.
24 Jan 2023 ЕЭК теміржол көлігі шығыстарын есептеу тәртібін нақтылады Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа темір жол бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін көлік шығыстарын есептеу тәртібін нақтылады. Мұндай тауарлар үшін кедендік құнға Одақтың кедендік шекарасына дейін есептелген көлік шығыстары қосылуға жатады деп айқындалды.  Шешім бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары негізінде ЕАЭО-да құқық қолдану практикасын талдау нәтижелері бойынша қабылданды. Ол кәсіпкерлерге және теміржолдарға кез келген жағдаяттта әкелінетін тауарлардың кедендік құнына қосылуға тиіс көлік шығыстарының сомасын бір мәнді айқындауға мүмкіндік береді. Бұл теміржол көлігімен тауарларды тасымалдауға арналған шығыстарды кедендік құнға қосу жөніндегі даулы жағдаяттарды жоюға көмектеседі.
24 Jan 2023 Бағдарламалық комитет ІІ ЕАЭО мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін ІІ Еуразиялық экономикалық форумға дайындықты талқылады Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің төрағалық етуімен "Көп полярлық әлемдегі Еуразиялық интеграция" девизімен өтетін ІІ Еуразиялық экономикалық форумға дайындық жөніндегі бағдарламалық комитеттің алғашқы отырысы болып өтті.  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 24-25 мамырдағы отырысы қарсаңында өткізу жоспарланған іс-шараның жалпы сессиясына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары қатысады. ЕЭК-тің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық форум жыл сайын ЕАЭО-да төрағалық ететін елде, яғни биыл Ресей Федерациясында өткізіледі.  Бағдарламалық комитет отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті ведомстволары мен бизнесінің, сондай-ақ ЕЭК құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері форумның жалпы тұжырымдамасы мен алдын ала мазмұнын, панельдік сессиялардың ықтимал тақырыптарын және оның аясында іс-шаралар өткізуді талқылады. Форумның қазіргі заманғы әлемде Одақты жайлы етуді мақсат тұтатындығына негіздей отырып, тақырыптық сессиялар мен диалогтық іс-шаралар халықаралық күн тәртібінің неғұрлым өзекті тақырыптарын - қазіргі заманғы еуразияшылдықтың дүниетанымдық негіздерін, ЕАЭО-ның алдағы ондаған жылға арналған стратегиялық міндеттерін, цифрлық трансформацияны, климаттық сын-қатерлер және Одақтың шоғырландырылған жауабын, энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігін, ШЫҰ, БРҮҚС, АСЕАН елдерімен, Африканың және Араб Шығысының мемлекеттерімен өзара қарым-қатынасты сөз етеді.
23 Jan 2023 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Ресейдің 2023 жылы Одақ органдарында төрағалық етуіне орай ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына Үндеуі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде  төрағалық етуді қабылдап алды. 2015 жылы негізі қаланған сәттен бастап Еуразиялық экономикалық одақ өзінің тиімділігі мен сұранысты екенін көрнекі көрсетіп, сенімді дамып келеді. Осы кезең ішінде Одаққа мүше мемлекеттердің  өзара саудасының абсолютті көлемі 60% артты және 2021 жылы тарихи барынша жоғары деңгейіне - 73,1 млрд долл., жетті, ал  сыртқы сауда көлемі 46% –  846,3 млрд долл.дейін өсті. Бұл ретте  әр жыл сайын Одақтың ішкі сауда айналымында қосылған құны жоғары  шикізаттық емес тауарлардың үлесі арта түсуде. Жиынтық ЖІӨ-нің өсуі халықтың жан басына есептегенде 28,7% құрады, ал  ұлттық валюталардағы төлемдердің үлесі 75%-ға жақындады. Біздің тығыз интеграциямыз пандемияға және бірқатар елдердің заңсыз санкцияларды қолдануына байланысты шиеленіскен кедейлік, климаттың өзгеруі, ең маңыздылары – азық-түлікті, суды, энергия жеткізуді қоса, ресурстардың тапшылығы сияқты жаһандық проблемаларға лайықты жауап болды. Одақтың қалыптасып келе жатқан көп полярлы әлемнің қуатты, дербес,  өз игілігі өзіне жететін  полюстерінің бірі болуға, біздің күллі  құндылығымызды бөлісетін және ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа ұмтылатын тәуелсіз мемлекеттер үшін тартылыс орталығы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігі айқын. Әрине, интеграцияны  барлық бағытта  - саяси, экономикалық, өнеркәсіптік, қаржылық және технологиялық салаларда  одан әрі тереңдетуге ықпал ету үшін  барлық мүмкін болатын нәрсені жасаймыз. Осыған байланысты қолданыстағы «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын» іске асыру барысын бірге бағалағанымыз және ағымдағы жылдың өзінде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге арналған интеграциялық  өзара іс-қимылдың негізгі векторларын айқындайтын ұзақ мерзімді жоспарлаудың  жаңа құжаттарын дайындауға кіріскеніміз орынды болады деп  пайымдаймыз. Бірлескен жұмыстың маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі - ЕАЭО-ға мүше елдердің технологиялық әлеуетін дамыту, осы салада шынайы тәуелсіздік пен өз игілігі өзіне жетушілікке қол жеткізу болатыны анық. Автомобиль және химия өнеркәсібі, көлік машиналарын жасау, микроэлектроника, авиация құрылысы, кеме жасау, фармацевтика, цифрлық экожүйелер, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, биотехнология және тұқым шаруашылығы сияқты экономиканың жетекші секторларына озық ғылыми-техникалық шешімдерді әзірлеу мен ендіруде күш-жігерді біріктіруді ұсынамыз. 
20 Jan 2023 ЕЭК пен ЕАЭО елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары 2023 жылғы бірлескен жұмысты талқылады ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков пен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жетекші БАҚ өкілдерінің кездесуі барысында 2023 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу перспективалары талқыланды. Кездесуді ашқан Данияр Турусбеков жиналған журналистерге ЕАЭО органдарының қызметін белсенді жазып, көрсеткендері үшін алғыс айтты және 2023 жылы ынтымақтастық бұдан да қарқынды болады деп сенім білдірді. "Алқа Төрағасы атынан және біздің Департаменттің атынан сіздерге, құрметті әріптестер, Еуразиялық экономикалық интеграцияны жазып, көрсетудегі жан-жақты жәрдемдеріңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Ішкі талдау қорытындысы бойынша белгілі болғанындай, 2022 жылы жариялы өрістегі хабарларда Одақ шамамен 90 мың рет, Комиссия 24 мың рет аталды. Тұтастай алғанда, халықтың ЕАЭО-ға деген ақпараттық қызығушылығының артуы байқалуда, бұл көп жағынан сіздердің еңбектеріңіз болып табылатыны сөзсіз. Бүгінде Одақтың барлық елінің 14 бұқаралық ақпарат құралынан 80-нен астам журналист аккредиттеуге Комиссияға өтінім берді. Біз бұған барынша қуаныштымыз және жемісті ынтымақтастығымызды тек нығайта түсуге дайынбыз",- деп атап өтті Данияр Турусбеков.  Департамент директорының сөзінше, Комиссия БАҚ өкілдері үшін қашан да ашық және алдағы уақытта да тығыз әрі өзара пайдалы ақпараттық әріптестікке арналған басты бағытты ұстанатын болады Данияр Турусбеков БАҚ өкілдерін 2-3 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткізу жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын, 24-25 мамырда болатын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылған Еуразиялық экономикалық форумды қоса, Ресей Федерациясы төрағалық ететін жылғы ЕАЭО-дағы алдағы ірі іс-шаралар туралы және Ресейде 2023 жылғы маусымға жоспарланған бірқатар өзге де ресми іс-шаралар жайында хабардар етті.  Кездесу соңында БАҚ өкілдеріне Комиссияның іс-шараларына арналған жұмыс үшін ЕЭК-тің аккредиттеу карталарын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Анықтама ЕЭК жанында аккредиттеуге ЕАЭО елдерінің неғұрлым рейтингті - "ТАСС" АА, РБК телеарнасы, "Российская газета", "Мир" МАТРК, "Хабар 24" телеарнасы, Қырғыз Республикасының Қоғамдық телерадиокорпорациясы (ҚТРК), Арменияның Қоғамдық телекомпаниясы, БелТА АА, "Қазақпарат" АА және басқалар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарынан өтінім түсті.
19 Jan 2023 Андрей Слепнев Тегеранда Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтау мәселелерін талқылады Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің Тегеранға екі күндік сапары аяқталды, оның басты мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздердің негізгі мәселелерін делегациялар басшысы деңгейінде қарау болды. Иран тарапынан келіссөз делегациясын Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Алиреза Пейман Пак басқарды. Келіссөздері аяқтау және келісімге қол қою үшін қажетті уағдаластықтардың модалдылығы қаралды. Аграрлық өнімнің жекелеген санатының нарыққа өзара қол жеткізуін талқылауды жалғастыру бойынша уағдаласуды қоспағанда, барлық мәселе келісілді. Кездесу қорытындысы бойынша сөз сөйлеген Андрей Слепнев Иранмен ынтымақтастықты дамытудың жоғары серпінін атап көрсетті. 2021 жылы ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымы 74% өсті, ал 2022 жылдың алғашқы 10 айы ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңіне қатысты алғанда тағы да 25% өсті. «Көлік, өнеркәсіптегі кооперация, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ басқа да салалардағы ұзақ мерзімді өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту перспективалары әсерге бөлейді. Болашақ келісім бұл бірлескен жоспарларды берік шарттық негізге келтіруге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.  Сапар барысында Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мехди Сафаримен де кездесу болып өтті. ЕАЭО мен Иранның экономикалық өзара іс-қимылының негіздерін нығайту жөніндегі алдағы ықтимал қадамдар талқыланды. Бұдан басқа, Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің бсшыларымен кездесті.
Тағы да көрсету