Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
27 маусымның 2025
Андрей Слепнев: «ЕАЭО-да тауарларды таңбалау өзінің тиімділігін дәлелдеді»
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев 27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесін дамыту туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша мәлімдеді. «2019 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта барлығы 274 миллиардқа жуық тауар бірлігі таңбаланды. Дәлелденген әсерлер нарықты "ақтап алу", контрафактілік өнім деңгейінің төмендеуі, заңды компаниялар санының артуы, адал өндірушілердің тиімділігінің өсуі және бюджетті толықтыру деңгейінің артуы болып табылады», – деп атап өтті Андрей Слепнев. Таңбалаудың әсері ЕАЭО елдерінің деректерімен расталды. Мысалы, Арменияда заңды тауар өндірушілер мен импорттаушылар санының артуы 7% құрады. Қазақстанда контрафактілік темекі өнімдерінің айналымы 24,7 млн долларға төмендеді. Ресей Федерациясында сүт өнімдері үшін нарықты ақтау деңгейінің өсуі 22%-ға, жеңіл өнеркәсіп тауарлары үшін 36%-ға, аяқ киім үшін 18%-ға, парфюмерия үшін 43%-ға жетті. «Мүше мемлекеттердің бюджеттері де таңбалауды енгізуден айтарлықтай пайда көрді. Салықтар мен баждар түсімдерінің ұлғаюы барлық елдер бойынша байқалады және елдегі таңбалау енгізілген тауарлар санаттарының санына тікелей байланысты», – деді Андрей Слепнев. Мысалы, тауарлар санаттарының ең көп саны таңбаланған Ресейде таңбаланған өнімді сатудан түсетін қосымша бюджеттік түсімдердің көлемі 15 млрд долларды, Қырғызстанда – 68 млн долларды құрады. Бұрын ұлттық таңбалау қолданылған, жалпы одақтық ережелер енгізілгенге дейін де нарықты едәуір "ақтауға" мүмкіндік берген Беларуссияда қосымша бюджеттік түсімдердің көлемі 4,64 млн долларға жетті. Келесі қадам заңсыз өнімге тиімді қарсы тұруға бағытталған таңбалау жүйесін одан әрі жақсарту болмақ. «Бірінші кезектегі міндет – тауарлардың заңды түрде шығарылуы мен қауіпсіздігін бақылау үшін ұлттық таңбалау жүйелерінің рөлін күшейту», — деп атап өтті Андрей Слепнев. Сонымен қатар Одақ деңгейінде одақтық таңбалау жүйесін технологиялық жетілдіру және таңбаланған тауардың қозғалыс еркіндігін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
27 маусымның 2025
Арзыбек Қожошев: «Ортақ нарық трансшекаралық электр энергиясы саудасына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді»
Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Минскіде өткен ЕЭФ-2025-те еуразиялық «бестік» мемлекеттерінің электр энергетикалық нарықтарын біріктіру болашағына арналған «ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығы – болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты. «Ортақ нарық электр энергиясының трансшекаралық саудасына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, өзара сауданың көлемі мен тәсілдерін кеңейтеді, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің энергия жүйелеріндегі жүктеме кестесін теңестіруге және өндіруші қуаттардың артық құрылысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл мүше мемлекеттердің энергия қауіпсіздігін арттырады», — деді Арзыбек Қожошев. Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығының нормативтік базасын жасаудағы прогресті атап өтті, интеграция жағдайында ішкі электр энергиясы нарықтарын реформалау және дамыту ерекшеліктерін қарастырды және болашақ нарықтың қызмет ету талаптарымен Одақ елдерінің экономикасы мен бизнес-қоғамдастығының нақты секторын дамытудың перспективалары мен басымдықтарын белгіледі. «Қазіргі уақытта электр энергиясының қолданыстағы нарығының барлық дерлік нормативтік базасы бекітілді, бірқатар Регламенттері бар қосылу туралы шарт дайындалды. Бұл ретте Шартта бекітілген және жалпы электр энергетикасы нарығының қалыптасуы мен қызметінің қағидаларында іске асырылған қағидаттарын, оның ішінде электр энергетикасының экономиканың нақты секторына әсер ететін ауқымды ықпалына байланысты ұстану өте маңызды», – деп хабарлады Арзыбек Қожошев. Дөңгелек үстелге 50-ден астам салалық ұйымдардың басшылары мен сарапшылары қатысып, бизнес пен реттеушілердің ортақ электр энергетикасы кеңістігін жасауға деген жоғары қызығушылығын растады. Пікірталасқа энергетикалық ведомстволардың басшылары, ЕАЭО мемлекеттерінің инфрақұрылымдық және биржалық ұйымдарының өкілдері қатысты.
27 маусымның 2025
Валентин Татарицкий: «ЕАЭО-дағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – халықтың әл-ауқатының кепілі»
Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий Минскіде өткен ЕЭФ-2025 аясында «ЕАЭО тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі халықтың әл-ауқатының кепілі ретінде: кешенді реттеу, тәсілдер мен басымдықтар» атты панельдік сессиясын өткізді. Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл адамдардың денсаулығына, әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және техникалық аспектілерге әсер ететін көп қырлы мәселе. Келісілген СФС шаралары мен техникалық реттеу мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. «Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл тұтынушылардың денсаулығын қорғау ғана емес, сонымен қатар тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарға шығарылуының, өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және СФС шаралары мен техникалық реттеу жүйесіне деген сенімді нығайтудың негізгі элементі. Оны қамтамасыз ету ғылыми дәлелдер мен заманауи цифрлық құралдарға негізделген жүйелі және пәнаралық тәсілді қажет етеді. Комиссияның және ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының барлық қызметі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның Одақтың ішкі нарығында және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған», — деп атап өтті Валентин Татарицкий Сессия санитарлық, ветеринарлық-санитарлық, карантиндік фитосанитарлық шаралар және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, ЕАЭО елдерінің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық ұйымдардың, тамақ өнімдерін өндірушілердің және салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шараға қатысушылар санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар мен техникалық реттеу саласында құқықтық құралдарды жасау; адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің денсаулығына төнетін қатерлерді жоюға бағытталған «Бір денсаулық» тұжырымдамасын іске асыру; ЕАЭО елдері мен халықаралық ұйымдар арасындағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру бойынша өзара іс-қимыл; сондай-ақ СФС-шараларды қолдану саласында ақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелерін талқылады. Панельдік сессияға қатысушылар Форум аясынан тыс Комиссияның және Одақ елдерінің уәкілетті органдарының одақ актілерін жетілдіруді қоса алғанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету бойынша диалогты, тәжірибе алмасуды және кейінгі практикалық бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті. Сессияға Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) Еуропа бойынша өңірлік өкілдігінің, өсімдіктерді қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымының (ӨҚЕЖҰ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Өңірлік кеңсесінің өкілдері қатысты.
27 маусымның 2025
ЕАЭО және БАӘ арасында экономикалық әріптестік туралы келісімге қол қойылды
27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері бір жақтан және екінші жақтан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа: Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Наталья Петкевич, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы сауда министрі Тани Ахмед Аль Зейуди қол қойды. Біріккен Араб Әмірліктері – Парсы шығанағы елдері арасындағы ЕАЭО-ның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Қол қойылған Экономикалық серіктестік туралы келісім БАӘ-мен жасалған сауда қатынастарындағы жаңа кезең болады және өзара сауданы сапалы жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. Ынтымақтастықты барынша тереңдетуге бағытталған ЕАЭО мен БАӘ арасында экономикалық әріптестік туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс екі жарым жылға созылды. Жасалған жағдайлар тараптар арасындағы сауда айналымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. «Қалыптасқан жаңа сауда режимі аясында әмірліктер тарапы тауар номенклатурасының 86%-на қатысты преференциялық қолжетімділікті ашты. Одақтың жеңілдіктері серіктес үшін тауар номенклатурасының 85% жабады», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев. Ол біздің елдеріміз үшін артықшылығы бар экспорттық қамту ағымдағы экспорттың 98%-дан астамын немесе 12,1 млрд доллардан астам соманы қамтитынын атап өтті. Сауда режимін ырықтандыру нәтижесінде БАӘ-нің ЕАЭО тауарларына қолданатын орташа мөлшерлемесі 5%-дан 0,6%-ға дейін қысқарады. Осылайша, кедендік әкелу баждарын төлеудегі жыл сайынғы үнемдеу 260 миллион доллардан асады деп бағалануда. Тауарлар бойынша ЕАЭО-ның дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), ет (ІҚМ, қой еті, субөнімдер), құс еті, жұмыртқа, кептірілген көкөністер (ноқат, бұршақ, жасымық, бұршақ), өсімдік майы, сүт өнімдері (қаймағы алынбаған сүт, құрғақ сүт, йогурт, сарысу, сары май, ірімшік), кондитерлік өнімдер, бал, минералды су, джемдер, шоколад сияқты негізгі ауыл шаруашылығы тауарлары үшін преференциялық қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Өнеркәсіп секторы бөлігінде тауарлардың мынадай санаттары бойынша жеңілдіктер берілді: металлургия өнеркәсібінің өнімдері (қосындыланған болаттан жасалған жайма, ыстықтай илемделген және суықтай илемделген жайма, қара металдардан жасалған дайын бұйымдар, құбырлар, профильдер мен бұрыштар, темірден жасалған сым, алюминий және мыс сым, алюминий фольга және т. б.), мұнай өнімдері (жеңіл және басқа дистилляттарды қоса алғанда), ағаш өңдеу кешенінің өнімдері (тақталар, шере, табандықтар, жиһаз және т.б.), целлюлоза, баспа өнімдері, бұрғылауға арналған құралдар, турбиналардан бастап сорғылардың жекелеген түрлеріне дейінгі механикалық жабдықтардың кең жиынтығы. Сондай-ақ, ырықтандыру электр жабдықтарына (электр генераторлық қондырғылар, бастапқы элементтер және бастапқы батареялар, электр аккумуляторлары және т. б.), теміржол контейнерлеріне, моторлы көлік құралдарына, соның ішінде арнайы техникаға, косметикаға (шашқа арналған құралдар, иіссулар, дезодоранттар және т. б.), химия өнеркәсібі өнімдеріне (бояулар, майлар, беттік белсенді заттар, тыңайтқыштар) және дәрі-дәрмектерге де қолданылады. Біріккен Араб Әмірліктері тұтынылатын тауарлардың кең номенклатурасы бойынша жеткізілімдерді арттыра алады. Бұған косметика, иіссу, сағат, киімнің жеке түрлері жатады. «Келісім шынымен де, тек тарифтік ырықтандыру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге ол қалыптастыратын реттеуші орта тұрғысынан да маңызды», – деді Андрей Слепнев. Оның айтуы бойынша, құжатта электрондық сауда, экономикалық ынтымақтастық және ШОБ-ты ЕАЭО мен БАӘ елдері арасындағы сыртқы экономикалық қызметке тарту мәселелері бойынша үздік әлемдік стандарттарға сай келетін ережелер бекітілген. «Біздің сауда 2020 жылдан бері үш еседен астам өсті. Бизнестің ынта-жігері мен ЕЭК пен біздің елдеріміздің реттеушілерінің белсенді жұмысының арқасында келісім күшіне енгеннен кейінгі жақын арада тауар айналымының көрсеткіші 20 млрд доллардан асуы мүмкін», — деді ЕЭК сауда министрі. Қол қойылғаннан кейін экономикалық әріптестік туралы келісім оның күшіне енуі үшін БАӘ мен ЕАЭО елдерінде бекіту рәсімдерін жүргізу үшін ұсынылатын болады.
27 маусымның 2025
ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімін жасады
27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері бір жақтан және екінші жақтан Моңғолия арасында уақытша сауда келісіміне қол қойылды. Құжатқа: Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Наталья Петкевич, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Моңғолияның экономика және даму министрі Учрал Ням-Осор қол қойды. Келісімге қол қою ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда қатынастарын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді. Ол құжат күшіне енген сәттен бастап кедендік баждар нөлге тең немесе төмендетілетін әрбір тарап үшін 367 тауардың қосалқы позициясын қамтиды. Келісім оның қолданылуын тағы бір үш жылдық кезеңге ұзарту мүмкіндігімен үш жылға жасалады. «Статистикаға сәйкес тарифтік преференциялармен ЕАЭО-ның Моңғолияға экспорттық жеткізілімдерінің 2 млрд доллары, яғни 90%-дан астамы қамтылатын болады. Келісілген преференциялар ЕАЭО компанияларына жыл сайын 100 млн долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев. Оның айтуы бойынша, қол қойылған сауда келісіміне сәйкес ЕАЭО елдерінің аграрийлері Моңғолия нарығына бидай, жүгері, сүт өнімдері, өсімдік майлары, ет және құс өнімдері, қант, кондитерлік өнімдер, ірімшіктер, минералды су және алкоголь өнімдері сияқты түбегейлі маңызды тауарларды жеткізу үшін артықшылықты жағдайларға ие болады. Өнеркәсіптік тауарларға келетін болсақ, жеткізілімдердің өсуі мынадай өнім түрлері бойынша болжанады: металлургиялық өнім (ферроқорытпалар, ыстықтай илемделген және суықтай илемделген жайма, шыбықтар, бұрыштар, құбырлар және т. б.), моторлы көлік құралдары (автомобильдер, автобустар, жүк көліктері, арнайы техника, автокомпоненттер, тіркемелер және т. б.), темір жол машина жасау және химия өнеркәсібі өнімдері (полимерлер, пластик тақталар мен бөлшектер), шиналар, азотты тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер және т. б. Өз кезегінде моңғол тауарларына ет (жылқы еті, ІҚМ еті, қой еті, ет консервілері, субөнімдер), сүт өнімдері (йогурттар, ірімшік), жеңіл өнеркәсіп тауарлары (жүн, жіп), сондай-ақ трикотаж және тоқыма киімдерін қоса алғанда, дайын сапалы жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бойынша артықшылықты қолжетімділік беріледі. Одан әрі кооперация үшін мүмкіндіктер келісімнің тарифтік емес бөлігінде: техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, электрондық сауда және экономикалық ынтымақтастық саласында жасалған. «Соңғы бірнеше жылда ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы бір жарым еседен астам өсті. Келісімнің қолданылуының басталуымен мұндай үрдіс жалғасады және нығаяды деп күтеміз, бұл біздің тауар айналымымызды 3 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Андрей Слепнев. Қол қойылғаннан кейін уақытша сауда келісімі Моңғолия мен ЕАЭО елдерінде оның күшіне енуі үшін қажетті бекіту рәсімдерін жүргізу үшін ұсынылатын болады.
27 маусымның 2025
ЕАЭО-да 2023-2024 жылдардағы қызметтер саудасын реттеу ережелерін сақтау қорытындысы шығарылды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес елдердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия дайындаған Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің 2023-2024 жылдары көрсетілген қызметтер саудасын, мекеме мен қызметті реттеу қағидаларын орындауға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндаманы қарады. Баяндамада ережелерді сақтаудың негізгі аспектілері, атап айтқанда, мемлекеттерде кәсіпкерлер үшін қолайлы рәсімдерді қолдану көрсетілген. Олардың ішінде – реттеуші әсерді бағалау (РӘБ), «үндемеу – көнгендіктің белгісі» қағидатын қолдану және бизнесті тексеру кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу. «Біз қатысушы елдердің өз заңнамасына Ережелерді енгізудегі оң динамикасын көріп отырмыз. Баяндама құжатта көзделген шарттарды іске асыру 100 пайызға дейін жететінін растайды. Бұл Одақ шеңберінде бизнес үшін ашық және жайлы жағдай жасаудың маңызды қадамы», — деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов. ЕЭК министрі «үндемеу – көнгендіктің белгісі» қағидатын енгізудің маңыздылығына назар аударды, оған сәйкес мемлекеттің құзыретті органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге тиісті рұқсат беруі немесе дәлелді бас тартуды ұсынуы тиіс, әйтпесе өтініш беруші жүзеге асыру үшін өтініш берілген қызметке автоматты түрде құқық алады. 2023 – 2024 жылдарға, сондай-ақ өткен кезеңдерге арналған баяндамамен Комиссияның сайтында оқып танысуға болады.
27 маусымның 2025
ЕАЭО-да спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды
Бүгін Еуразиялық экономикалық одақтың бес мемлекетінің көшбасшылары спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын бекітті. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясында көзделген құжат ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын – спорт инфрақұрылымын дамыту, спорт тауарлары өндірісін ұлғайту және оларды алмасу, спорт туризмін қоса алғанда, спорт индустриясы қызметтерін дамыту, сондай-ақ бірлескен форумдар мен көрмелер ұйымдастыруды айқындайды. Экономикалық ынтымақтастықтың негізгі факторлары ретінде «бестік» елдерінің географиялық жақындығы және дамыған спорттық инфрақұрылым белгіленді. «Бұл факторлар жинақталып синергетикалық әсер ету және интеграциялық процестерді тереңдету үшін қолайлы негіз жасайды. Бірлескен күш-жігермен біз Одақ елдерінің азаматтарын сапалы спорт өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз, спорттық инфрақұрылымды дамыта аламыз және спорт саласындағы экономикалық өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтере аламыз», — деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.
27 маусымның 2025
ЕЭФ-2025-те жасанды интеллекттің әлеуеті және оны статистикада қолдану перспективалары қаралды
Еуразиялық экономикалық одақ аясында статистика саласында жасанды интеллектті пайдалану ЕАЭО-ның статистикалық жүйесінің цифрлық, технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға қосымша серпін бола алады. Бұл ойды Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеров Минскіде өткен ЕЭФ-2025-те «ЕАЭО статистикасы 2030: жасанды интеллектті қолданудың әлеуеті мен перспективалары» дөңгелек үстелінде атап өтті. «Статистикалық қызметте жасанды интеллектті ойдағыдай енгізу және сенімді пайдалану үшін нақты стандарттарды әзірлеу, деректердің ашықтығын, қорғалуын қамтамасыз ету және ұлттық статистикалық қызметтер мен халықаралық ұйымдар тарапынан келісілген іс-қимылдарды әзірлеу талап етіледі», — деп атап өтті Эльдар Алишеров. Дөңгелек үстелге қатысушылар жасанды интеллект негізінде статистикалық ақпаратты талдау құралдарының пайда болуы мен дамуы ресми статистикалық ақпаратқа қажеттіліктердің өзгеруімен анықталатын маңызды үрдістердің бірі болып табылатындығына келісті. Жасанды интеллект технологиялары статистикалық өндірістің барлық кезеңдерінде деректерді жинаудан бастап ресми статистикалық ақпаратты таратуға дейін қолданыла алады. «ЕАЭО статистикалық жүйесінің тұрақты дамуының өзекті тренді қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, оның ішінде қойылған міндеттердің ақпараттық және коммуникациялық күрделілігінің жоғары қарқында болған кезінде жұмыс тиімділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жасанды интеллектті енгізу болып табылады», — деп түйіндеді Эльдар Алишеров.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы