тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 8
07 қазанның 2025
Бақытжан Сағынтаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. "Сіз Еуразиялық экономикалық одақты құрудың бастауында тұрдыңыз және оның дамуына үлкен жеке үлесіңізді қосуды жалғастырып келесіз. Сіз ел басшысы мәртебесіндегі қызметіңізде ЕАЭО мемлекеттерінің сындарлы экономикалық ынтымақтастығына алдағы уақытта да жәрдемдесе беретініңізге сенімдімін", – делінген құттықтау хатта. ЕЭК Алқасының басшысы Комиссия атынан және жеке өз атынан Владимир Путинге мықты денсаулық, құт-береке және Ресей халқының игілігіне арналған жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі.
07 қазанның 2025
Валентин Татарицкий: "Одақтың техникалық реттеу жүйесі нарықты қауіпсіз емес және контрафактілік өнімнен қорғауға елеулі үлес қосады"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумының пленарлық отырысында өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған реттеу шараларын әзірлеудегі әртүрлі сала мен құзыреттің өзара байланысын және олардың арасындағы бірыңғай техникалық реттеу жүйесінің орнын баса көрсетті. ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған 52 техникалық регламенттің 48-і және олармен байланысты 8800-ден астам мемлекетаралық және ұлттық стандарт өнімнің ортақ нарығы үшін негіз құра отырып, қазірдің өзінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі мен бизнесінде қолданылып жатқанын мәлімдеді. "Қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтау және ғылымның, технологиялардың, өндірістердің, сынақ базасының қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келу үшін Одақ құқығына техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағалауды жүргізу механизмі ендірілді. 2029 жылға дейін біз Одақтың 29 техникалық регламентін бағалауды жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Ол Одақтық нарыққа жосықсыз өндірушілер мен қауіпсіз емес өнімдерді жібермеуге ықпал ететін жұмысқа толығырақ тоқталды. "2025-Стратегиясын іске асыру кезеңінде сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың, сынақ зертханаларының қызметін жақсарту бойынша аккредиттеу саласында үлкен жұмыс атқарылды. Одақтың бірыңғай тізілімінде осындай 2800 ұйым бар. Біз қазір ұлттық аккредиттеу органдары жосықсыз зертханалар мен сертификаттау органдарын тізілімнен алып тастайтынын көріп отырмыз, елдермен осындай тізілімге кіру критерийлерін қатаңдату бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір Комиссия алаңында осы ұсыныстар талқылануда", - деп атап өтті Валентин Татарицкий. Міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалау туралы айта келе, ол елдер деңгейінде олардың қадағалау саясатын іске асыруға бірден бірнеше реттеуші тартылғанына назар аударды. Қазіргі уақытта олардың Одақ мемлекеттеріндегі жалпы саны - 35. Оның пікірінше, нарықтағы өнімнің айналысын қадағалау органдарының қызметі жандана түсті. Мұны Комиссияға өзара іс-қимылдың белгіленген деңгейі шеңберінде Одақ елдері техникалық регламенттерінің талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалаудың ұлттық органдарынан келіп түсіп жатқан мәліметтер растайды. Бұл ретте спикер оны дамыту жөніндегі, соның ішінде екі бейіндік: өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы және техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалаудың жалпы қағидаттары мен тәсілдемелері бойынша келісім шеңберіндегі жұмыстар кешенін атап өтті. "Біз бес елдің қадағалау органдарының қадамдас және жедел ден қою механизмі бойынша көп те жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда олардың арасындағы өзара іс-қимылдың сауатты схемасын құру өте маңызды", – деп сенім білдірді Валентин Татарицкий. ЕЭК министрі Одақ нарығын сәйкес келмейтін өнімдерден тиімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша диалогты қолдау қажеттігіне айрықша назар аударды. "Сұрқай" бизнеске қарсы күресте сәйкестікті бағалау құралдарын, соның ішінде объективті түрде қажет болатын осындай бағалау нысандарын қатаңдату арқылы қолдану қажет. Спикер аталған жұмыстардың барлық бағыты 2030-Декларациясын іске асыру жоспарында көзделгенін еске сала отырып, мұндай қажеттілік техникалық регламенттерді сәйкестікті бағалаудың жаңа үлгілік схемаларына сәйкестендіру кезінде талданады",- деп тиянақтады. Сөзін қорытындылай келе, Валентин Татарицкий мүдделі барлық адамды сәйкестікті бағалау саласына жаңа көзқарастың тәуекелі мен артықшылығын жан-жақты талдауды қамтамасыз ету үшін тиісті талқылауларға қосылуға шақырды. Бұл қауіпсіз емес және контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін қажет.
07 қазанның 2025
Руслан Давыдов: "ЕАЭО Кеден кодексіне темекі өнімінің жалған транзитіне қарсы күреске бағытталған түзетулер енгізу жоспарлануда"
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" форумындағы құрамында никотин бар өнімдер нарығына арналған сессияда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде темекі өнімінің жалған транзитіне және жалған экспортына қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын шаралар туралы айтты. ЕЭК министрінің сөзінше, Кеден кодексіне тиісті түзетулер дайындалды және олар жоғары дайындық дәрежесінде. Руслан Давыдов пікірсайысқа қатысушыларды ЕАЭО-да 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енетін навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалап отыру механизмін енгізу туралы хабардар етті. "Темекі өнімдерінің заңсыз әкелінуі мен айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі – Комиссия алаңында бейінді жұмыс тобының жұмыс істеуі. Ол өткен жылы бизнестің бастамасы бойынша құрылды, оның негізгі міндеті ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңсыз темекі және құрамында никотин бар өнімдерді астыртын өткізудің жолын кесу мәселелері бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу болып табылады", - деп атап көрсетті ЕЭК кеден блогының басшысы. Сессияға сондай-ақ цифрлық таңбалау операторлары, темекі өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының және Беларусь пен Қазақстанның бейінді қауымдастықтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Контрафактілік және бұрмаланған өнімдерді әкелуге қарсы әрекет етуге елеулі үлес қосқаны үшін "Антиконтрафакт" халықаралық қауымдастығының шешімімен Руслан Давыдов "Контрафактіге қарсы күреске сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
07 қазанның 2025
Максим Ермолович: «ЕЭК қазіргі заманғы әлемнің тез өзгеріп жатқан шындығына бейімделеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 7 қазанда Астанада "Монополияға қарсы подиум: бәсекелестік саласындағы түйінді сыни шақырыстар мен трендтер" деп аталатын XI Еуразиялық монополияға қарсы форумның пленарлық сессиясына қатысты. Максим Ермолович Комиссияның бәсекелестік саясатты қазіргі заманғы сыни шақырыстарға бейімдеу жөнінде қабылдайтын негізгі бағыттарымен және шараларымен таныстырды. Соның ішінде реттеу процесінің ашықтығы мен дұрыс болжануын қамтамасыз ету, ЕЭК-тің бастамашыл іс-қимылының жаңа құралы – секторлық зерттеулерді ендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы хабарлады. "Қазіргі заманғы сыни шақырыстарға барабар әрі жедел ден қоюға әдіснама мен практиканың синергиясы мүмкіндік береді - академиялық көзқарас пен ғылыми сараптама ұлттық және ұлтүсті бәсекелес органдардың практикалық тәсілдемесімен тығыз өзара іс-қимылда болуға тиіс. Осы басымдыққа сүйене отырып, бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде біз ғылыми-әдіснамалық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетеміз", - деп атап өтті Максим Ермолович. ЕЭК министрі бәсекелестік жөніндегі блоктың бірқатар бастамасына бөлекше тоқталды. Олардың арасында – мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің бәсекелестік ведомстволарымен өзекті мәселелерді шешу үшін "5+1" форматында білім беру курстарын, кеңестер өткізу, бәсекелестік мәселелері бойынша өңірлік ұйымдардың диалогы бар. Еуразиялық монополияға қарсы форум Еуразия континентінің ұлттық және трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестікті қорғау және монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және бизнес арасында тәжірибе алмасуға арналған жоғары деңгейдегі кәсіби алаң болып табылады.
06 қазанның 2025
Арзыбек Кожошев Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен кездесу өткізді
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Астанаға (Қазақстанға) жұмыс сапары шеңберінде 3 қазанда Қазақстанның Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен келіссөздер жүргізді.
06 қазанның 2025
Сатыпалым саласындағы бүкілресейлік конференцияда ЕАЭО-ның мемлекеттік сатыпалымындағы ұлттық режим мәселелері талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаментінің директоры Жанар Әдікова Сочидегі бейінді бүкілресейлік конференцияда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік сатыпалымның ұлттық режимін, сондай-ақ оны цифрландыру процестері мен үрдістерін қамтамасыз ету туралы хабарлады.
06 қазанның 2025
Бақыт Сұлтанов: "ЕАЭО-да бес жыл ішінде 53 миллионға жуық контрафактілік тауар алып қойылды"
2020-2024 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары 53 миллион контрафактілік өнім айналымының жолын кесті. Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов 6-7 қазанда Минскіде болған "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумының пленарлық отырысында осындай дерек келтірді
06 қазанның 2025
Тұтынушыларды контрафактіден қорғау үшін ЕАЭО елдері ынтымақтастықты нығайтады
6 қазанда Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің қолдауымен "Еуразиялық бастама: тұтынушыларды контрафактіден қорғау үшін күш біріктіре отырып" атты пікірсайыс сессиясын өткізді.