Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
28 сәуірдің 2025
ЕЭК пен Мысырдың бәсекелестік ведомствосы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің Мысырға жұмыс сапары шеңберінде 28 сәуірде ЕЭК пен Мысырдың бәсекелестік ведомствосы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат осы жолдағы әріптестікті нығайту мақсатында бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу саласындағы бірлескен жұмысқа бағытталған. Меморандум ынтымақтастықты жүзеге асырудың нақты нысандарын, соның ішінде бәсекелестік қағидаларын бұзушылықты тергеп-тексеру, тауар нарықтарын зерттеу тәжірибесімен алмасуды, ЕЭК пен Мысырдың бәсекелестік ведомствосы өткізетін бірлескен іс-шараларға қатысуды, бірлескен кездесулер, консультациялар, тақырыптық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруды қамтиды. Меморандумға қол қою рәсімінде Максим Ермолович: "Біз бұған дейін-ақ Мысырмен практикалық диалог орнатқанбыз, оны бүгін ресми түрде бекітіп отырмыз. Комиссияның нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту үшін Меморандумда баяндалған ережелерді тиімді іске асыруға дайын екендігін растағым келеді. Мұндай әріптестік – біздің елдерімізде адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің кілті", – деп атап өтті.
28 сәуірдің 2025
Максим Ермолович: "Мысырдың бәсекелестік ведомствосы сан қырлы тәжірибесі, құзыреті бар және кәсібилігі басым күшті реттеушіге айналды"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 28 сәуірде Каирде (Мысыр) "Мысыр бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясына қатысты. Мысыр Премьер-министрінің қамқорлығы аясында өткен іс-шара бәсекелестік саясат саласындағы өзекті мәселелер мен сыни шақырыстарды талқылау үшін бәсекелестік ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың көшбасшыларын, мемлекеттік қызметшілер мен сарапшыларды жинады. Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Мысырмен арадағы бәсекелестік саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, елдің осы саладағы негізгі жетістіктеріне тоқталды және Мысырдың Африка өңіріндегі бәсекелестік әріптестікті дамыту көшбасшыларының бірі ретіндегі рөлін атап көрсетті. ЕЭК министрі Мысырмен ынтымақтастықтың заңнамалық жаңартпалармен алмасу, бәсекелестіктің бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу тәжірибесі, секторлық, сондай-ақ биржалық сауда-саттықта талдау жүргізуді қоса, тауар нарықтарын зерттеу сияқты перспективалық бағыттарына баса назар аударды. "Біз Мысырдағы әріптестеріміздің жетістіктерін жоғары бағалаймыз және бәсекелестік саласындағы заң шығармашылығы мен құқық қолданудың бірегей тәжірибесін таратуға, ендіру мүмкіндігіне немесе ауқымдандыра түсуге мүдделіміз", – деп атап көрсетті Максим Ермолович. Іс-шара шеңберінде соттар мен парламенттердің бәсекелестік саласындағы тиімді құқық қолдануды қамтамасыз етудегі рөлін, бәсекелестіктің экономикалық өсім мен инвестицияларға әсерін талқылауға арналған тақырыптық сессиялар өтті.
26 сәуірдің 2025
Ирандағы трагедияға байланысты көңіл айту
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның атынан және жеке өз атынан Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианға және бүкіл иран халқына Бендер-Аббас қаласы маңындағы Шахид-Раджай портындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. "Адам шығынына әкеп соқтырған қайғылы оқиға туралы хабарды терең қайғы-қасірет сезімімен қабылдадым. Ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және барлық зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
25 сәуірдің 2025
Арзыбек Кожошев Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Бакыт Сыдыковпен жұмыс кездесуін өткізді
Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Бакыт Сыдыков жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ЕАЭО-да көлік және энергетика саласындағы интеграцияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың, цифрлық технологияларды ендірудің және энергия ресурстарының ортақ нарықтарын құрудың маңыздылығы атап өтілді. "Тасымалдардың үздіксіз процестері мен жіксіз болуын қамтамасыз етудің, олардың қауіпсіздігін арттырудың, көлік құралдарының тоқтап қалу уақытын азайтудың және басқару қызметін автоматтандырудың объективті қажеттілігі нарық қатысушыларын интеллектуалды көлік жүйелерін белсенді ендіруге ынталандырады", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Сондай-ақ, министрлер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасының көлік және энергетика бөлігіндегі тармақтарын келісу барысын талқылады.
25 сәуірдің 2025
Руслан Давыдов Еуразиялық интеграцияны дамытудағы кедендік реттеудің маңызы туралы айтты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов "Кеден: кеше, бүгін, ертең" ғылыми-практикалық конференциясында Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеудің өзекті мәселелері туралы айтты. Цифрландыру, бизнеспен өзара іс-қимыл, халықаралық интеграция және заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Руслан Давыдовтың сөзінше, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қатысушы елдердің кедендік реттеу саласында тығыз ынтымақтастығы болған жағдайда ғана интеграциялық процестер табысты бола алады. Кеденнің негізгі міндеттерінің бірі – сауда рәсімдерін жеңілдету әрі жеделдету болып табылады, нәтижесінде шығындар азаяды, өзара сауда көлемі артады және ыңғайлы бизнес-орта құрылады. Бүгінгі таңда кеден органдары электрондық декларация және автоматтандырылған бақылау жүйелері сияқты қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде ендіруде, бұл жұмыс тиімділігін айтарлықтай жақсартуға және шекарада жүктерді өңдеу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, инвестицияларды ынталандырады және Еуразиялық интеграциялық бірлестіктерге қатысушы елдердің экономикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. "Бізде ЕАЭО туралы шарт бойынша бірыңғай кедендік реттеу, бірыңғай кедендік аумақ, үшінші елдермен тауарлар саудасының бірыңғай режимі бар және біз біріздендіруге ұмтылуымыз керек. Бұл біздің Одақтың бірыңғай кедендік аумақ ретіндегі халықаралық бәсекеге қабілеттілігі, оның транзиттік әлеуеті мәселесі. Құрлықтың жетіден бір бөлігі – Еуразиялық одақ, бұл Қытай мен Еуропа арасындағы көпір. Дегенмен, біз географиялық артықшылықтарымызды толығымен жүзеге асыруымыз керек", – деп атап өтті Руслан Давыдов. Конференция Жеңіс күні қарсаңында өткендіктен, ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі кеденшілердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қол жеткізуге қосқан үлесіне бөлекше назар аударды. Ол соғыс кезінде тауарларды жеткізудің негізгі маршруттары Қиыр Шығыс пен Иран Ислам Республикасы арқылы өткенін, бұл жалпы белсенді дамып келе жатқан "Батыс-Шығыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәліздеріне сәйкес келетінін атап көрсетті.
24 сәуірдің 2025
Арзыбек Кожошев: «Көлік байланыстылығы мен ЖЭК-ті дамыту ЕАЭО-дағы орнықты дамудың драйвері бола алады"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Бішкекте таулы өңірлердің орнықты даму перспективаларына арналған "Жаһандық тау диалогы" халықаралық конференциясына қатысты. Министр өз сөзінде осы өңірлерде өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторы ретінде көлік және энергетикалық инфрақұрылымды жақсартудың маңыздылығын атап өтті. Министр Қырғыз Республикасының бірегей таулы ландшафт пен елеулі табиғи ресурстарға ие бола отырып, оң экономикалық серпінді жалғастырып келе жатқанын атап көрсетті. 2024 жылы ел экономикасы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді, ал ЖІӨ 9% өсті. Алайда таулы өңірлер оқшаулану, климаттық тәуекел және ішкі көші-қон сияқты айрықша қиындықтарға тап болады, бұл мемлекеттік саясатты әзірлеуде айрықша тәсілдемені қажет етеді. Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Арзыбек Қожошев "Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан" және "Балықшы – Кочкор – Макмал» темір жолдарының құрылысы бойынша түйінді жобаларды, сондай-ақ шалғай өңірлермен әуе қатынасын күшейтуді бөліп көрсетті. Энергетикалық тақырыпқа ерекше назар аударылды. Қырғызстан жаңғыртылатын энергия көздерінің әлеуетін белсенді дамытуды жалғастыруы қажет, бұл таулы аумақтарды орнықты энергиямен қамтамасыз етуге көмектеседі әрі шығарындыларды азайтуға және мұздықтарды сақтауға ықпал етеді. "ЖЭК-ті дамыту және гидроэнергетикалық әлеуетті ашу қол жеткізу қиын таулы аудандарда энергиянға қолжетімділікті арттырудың, сондай-ақ энергияның сыртқы жеткізілімдеріне тәуелділікті азайтудың маңызды қадамы болып табылады, бұл әсіресе ЕАЭО елдерінің таулы өңірлері үшін маңызды", – деп атап көрсетті министр. Министр өз сөзін таулы өңірлердің әлеуетін іске асыру және олардың орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырумен аяқтады.
24 сәуірдің 2025
ЕАЭО елдері орташа әлемдік деңгейден жоғары экономикалық өсу қарқынын сақтады
Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Эльдар Алишеровтің төрағалық етуімен өткен Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары мен перспективалары және мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясат саласында қабылдаған шаралары туралы 2024 жылғы баяндама қаралды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден асып түсті: жиынтық ЖІӨ 4,4% артты. Түйінді макроэкономикалық көрсеткіштердің көпшілігі оң серпін көрсетті. Мүше мемлекеттер қабылдаған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, теңгерімсіздіктерді уақытылы алдын ала ескертуге және реттеуге бағытталған. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономикалық дамуының орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер мониторингінің нәтижелері ұсынылды. Жалпы ЕАЭО елдерінің көпшілігінде бюджеттік және борыштық орнықтылық сақталатыны атап өтілді. Сонымен бірге баға тұрақтылығына қол жеткізу мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясаты басымдықтарының бірі болып қала береді. Отырысқа қатысушылар болжау жүйесіне орайлас тәсілдемелерді жетілдіруде әлеуметтік-экономикалық дамудың ресми болжамдарын дайындау үшін пайдаланылатын болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндерін келісу тәртібіндегі өзгерістерді талқылады. Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі келісілген макроэкономикалық саясат мәселелері бойынша қорытындылар, ұсыныстар, ұсынымдар дайындауды және консультациялар өткізуді қамтамасыз ететін Комиссия Алқасы жанындағы консультативтік орган болып табылады. ЕАЭО туралы шарттың 63-бабына сәйкес экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерге инфляция деңгейі, мемлекеттік басқару секторы бюджетінің тапшылығы және мемлекеттік басқару секторының борышы жатады.
24 сәуірдің 2025
Максим Ермолович Ресей ФМҚ-ның мерейтойлық іс-шараларына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Ресей Федерациясының монополияға қарсы органдарының 35 жылдығына орайластырылған мерейтойлық іс-шараларда сөз сөйледі. Федералдық монополияға қарсы қызметтің кеңейтілген Алқа отырысында Максим Ермолович Ресейдің ФМҚ және оның аумақтық органдарының Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде сұранысты пәрменді заңнаманы және табысты бәсекелестік құқық қолдану құрудағы үлкен рөлін атап көрсетті. "Ресей Федерациясының монополияға қарсы органдары еркін бәсекелестікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды миссияны сәтті орындауда. Монополияға қарсы бесінші пакет, картельдерді және бәсекелестікті шектейтін басқа да келісімдерді анықтау мен жолын кесу жөніндегі жаңа ведомствоаралық бағдарлама, әлеуметтік маңызы бар нарықтарда Федералдық монополияға қарсы қызмет жүргізетін жұмыс – мұның бәрі Ресей ФМҚ-ның бәсекелестікті қорғау мүдделеріне шынайы берілгендігін көрсетеді", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Іс-шаралар шеңберінде цифрлық нарықтардағы бәсекелестік проблемаларын зерттеу бойынша БРИКС жұмыс тобының отырысы (БРИКС+форматында) өтті.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы