Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Интерактивті карта
Жаңалықтар
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Ақпар графика
Оқиғалар
Бейнегалерея
Фотогалерея
Арнаулы жобалар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
Сөз сөйлеулер
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
22 Mar 2023
ЕЭК кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау саласындағы жосықсыз бәсекелестік үшін Қазақстан мен Қырғызстан компанияларына тағы айыппұл салды
Жалпы сомасы үш миллион ресей рублі шамасындағы жаңа айыппұл сомасын өз елдерінің бюджетіне «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» кәсіби бухгалтерлер ұйымы (Қазақстан Республикасы), «Еуразиялық сертификатталған көпшілікті бухгалтерлер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы), «Қырғызстанның кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары институты» қоғамдық бірлестігі (Қырғыз Республикасы) және «СИПАЕН» мекемесі (Қырғыз Республикасы) төлеуге тиіс. Бұған дейін ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен бұл компанияларға көпшілікті бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі қызметтердің трансшекаралық нарығында жосықсыз бәсекелестік үшін айыппұлдар тағайындалған болатын. Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның бірқатар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Еуразиялық экономикалық комиссиясына бәсекелес тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы өтініші жаңа тергеу жүргізуге негіз болды. Істі қарау барысында аталған компаниялардың сертификаттардың жеке тізілімінде басқа ұйымдар, оның ішінде өтініш берушілер берген сертификаттар туралы ақпаратты www.cipaprogram.org сайтында орналастырғаны анықталды. Сонымен қатар сайтта кейбір сертификаттардың қолданылуы тоқтатылғаны немесе жойылғаны және оларды қолдану/қайта шығару үшін осы ұйымдардың біріне кіруді талап ететіні хабарланған. Басқа да анық емес мәліметтер де анықталды. Мысалы, кейбір сертификаттардың шығарылған жылында 1900 жыл көрсетілген. Комиссия Алқасы қабылдаған шешімге түсініктеме бере отырып, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов: «Компаниялар ЕАЭО туралы шарттың 76-бабының 2-тармағын бұзды. Бұл жерде жосықсыз бәсекелстік туралы айтылып отыр. ЕЭК-ке бәсекелестікке қарсы мінез-құлық фактілері бойынша келіп түсетін өтініштердің ең көбі дәл осы бұзушылықпен байланысты екенін атап өтемін. Мысалы, 2022 жылы Комиссия қарастырған 26 өтінішітің 15-і жосықсыз бәсекелестікке қатысты болды».
21 Mar 2023
Қаптамаға арналған мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасы жаңартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техрегламентті іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына енгізілген өзгертулерді бекітті. Өзгертулер жобасы қолданыстағы Бағдарламаның 90%-дан астамының орындалуына байланысты дайындалған. Мүше мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалған бағдарламаның жаңа редакциясы 41 позицияны қамтиды. Оның ішінде 31-і бойынша жаңа мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жоспарланған, оның 28-і ИСО, ЕN және ЭЫДҰ халықаралық және өңірлік стандарттарының талаптарына негізделетін болады. Бағдарламаның қалған позициялары бойынша қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарға өзгерістер енгізу немесе оларды халықаралық стандарттардың соңғы өзекті нұсқаларын ескере отырып қайта қарау көзделген. Алдыңғы Бағдарлама бойынша аяқталмаған стандарттарға қатысты оларды әзірлеуді аяқтау мерзімі өзектілендірілген.
21 Mar 2023
Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты туған күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты туған күнімен құттықтады. «Жоғары санатты мемлекет қайраткері ретінде Сіз Ұлы Ресейдің дамуына және оның мүдделерін қорғауға үлкен үлес қостыңыз. Сізді Ресейде, Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде жақсы көреді және Сіздің пікіріңізді бүкіл әлем құрметтейді. Сіз өте тамаша әрі адал адамсыз!», – делінген құттықтау хатында. ЕЭК Алқасының басшысы Сергей Лавровқа зор денсаулық, амандық және Ресей Федерациясының игілігі үшін одан әрі табысты қызмет етуді тіледі.
21 Mar 2023
ЕЭК Алқасының төрағасы Қазақстан, Қырығзстан, Өзбекстан, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан Президенттерін Наурыз мерекесімен (Нооруз, Навруз, Новруз) мерекесімен құттықтады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевті, Иран Ислам Республикасының Президенті Сейед Эбрахим Раисиді, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті және Түрікменстанның Президенті Сердар Бердімұхамедовті көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтады (Нооруз, Наурыз, Новруз). Михаил Мясниковичтің құттықтау хаттарында бұл мереке «ежелгі дәстүрлердің символы бола отырып, табиғаттың рухани өркендеуін, жандануын және жаңаруын білдіреді. Мыңдаған жылдар бойы мерекенің әдет-ғұрыптары ұрпақтан ұрпаққа беріліп, халықты біріктіріп келеді» делінген. ЕЭК Алқасының басшысы мемлекет басшыларына зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік және халықаралық қызметте табыс, ал Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Түрікменстан халықтарына амандық пен бірлік тіледі. Анықтама Ұлыстың ұлы күні Наурыз (Нооруз, Наурыз, Новруз) парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білідіреді, ол 21 наурызда атап өтіледі. Бұл түркі және иран халықтарының астрономиялық күн күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі. Наурыз – ұлттық дәстүр. 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының қайта жаңару тізіміне енгізілді, осы уақыттан бастап 21 наурыз Халықаралық Наурыз мерекесі болып жарияланды.
21 Mar 2023
Жедеғабыл жүктерге арналған жолаушы кедендік декларациясына өзгерістер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жеке тұлғалардың атына жедеғабыл жүктер ретінде жеткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде кедендік құжатты толтыру тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгертулерді бекітті. Бекітілген өзгертулер жедеғабыл жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының үлгісін жаңа бағанмен және оны толтыру тәртібімен толықтыруды көздейді. Жаңа бағанда тауарлардың нақты орналасқан жері туралы мәліметтер көрсетіледі. «Өзгертулер қашықтан шығару технологиясын тиімді іске асыру үшін тауарлардың орналасқан жерін анықтау мүмкіндігіне бағытталған. Мұның бәрі жиынтықта көрсетілген санаттағы жүктерді ресімдеу рәсімін оңтайландыруға және бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Алишеров. Жоба Комиссияның кеден блогының жедеғабыл жүктерге кеден әкімшілігін жүргізу және осы мәселе бойынша заманауи құқықтық базаны қалыптастыру жөнінде жүргізіп жатқан кешенді жұмысының қисынды жалғасы болып табылады. Анықтама Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешімімен жедеғабыл жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының үлгісі және оны толтыру тәртібі бекітілді.
20 Mar 2023
ЕЭК алаңында Еуразиялық автомобиль жасауды дамыту мәселелері қаралады
Мұндай бастаманы Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Николай Рогожник салааралық автомобиль конгресі және Мәскеудегі «Москвич» автомобиль зауытына сапары аясында бизнес өкілдерімен кездесуде ұсынды. Ресейлік автоөнеркәсіптің кәсіпорнына бару барысында өнеркәсіптік блоктың делегациясы зауыттың өндірістік әлеуеті мен даму стратегиясымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтағы кооперациялық ынтымақтастықтың болжамды бағыттарымен танысты. Кооперацияның ең перспективалы векторларының ішінде микроэлектроника, кабель-өткізгіш өндірісі, энергетикалық машина жасау, мұнай-химия және білдек жасау сияқты салалар атап өтілді. Өндірісті оқшаулаудың 2030 жылға дейінгі ұсынылған бағдарламасы шеңберінде отандық микроэлектрондық компоненттік базаны дамытуға ерекше назар аударылды. Қазір зауыт навигациялық жүйелердің ұлттық өндірушілерімен белсенді түрде ынтымақтасуда және бүгінгі таңда бірқатар микроэлектрондық модульдерді, соның ішінде түпкілікті өнім өндіруге қажетті ГЛОНАСС жүйелерін жеткізуді жолға қоюға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, басқа микроэлектрондық есептеу және бақылау жабдықтарын тұтынуға сұраныс байқалады. Осыған байланысты Николай Рогожник Одақ елдерінің уәкілетті органдары мен бизнесін тарта отырып, бейінді сараптамалық топтар шеңберінде Комиссия алаңында салалық өзара іс-қимыл мәселелерін қарауды ұсынды.
17 Mar 2023
Арзыбек Қожошев: «ЕАЭО елдері энергетика саласындағы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруге дайын»
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев 16-17 наурызда Бішкекте өткен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің «Ерекше экономикалық жағдайдағы ЖЭК, инновациялық әзірлемелер және цифрлық трансформация» халықаралық энергетикалық форумында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің алдында тұрған энергетика саласындағы сын-қатерлерді және оларды ортақ күш-жігермен еңсеруге дайындықты атап өтті. Форумды Қырғызстанның энергетика саласындағы әйелдер қауымдастығы ЕЭК-пен бірлесіп ұйымдастырды және ЕАЭО мемлекеттерінің энергия теңгерімдерінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге, энергетиканы цифрлық трансформациялауға және кадрлық әлеуетті дамытуға арналған. ЕЭК министрі жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануға және осы процеске байланысты көміртексіздендіруге, төмен көміртекті дамытуға көшуге назар аударды. «Төмен көміртекті дамытуға көшу нәтижелерінің бірі қазбалы органикалық отынға сұраныстың төмендеуі және жаңартылатын және басқа да жасыл энергия көздерінің рөлінің артуы болады», – деп есептейді Арзыбек Қожошев. Форумға ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский қатысып, жаңартылатын энергия көздерімен қатар дамудың перспективалы бағыттарының тізбесіне сутегі және атом энергетикасы кіретінін атап өтті. Еуразиялық «бестік» елдерінде бүгінгі таңда ЖЭК-тің барлық түрлері белсенді дамып келеді, күннен, желден, геотермалдық көздерден, толқыннан және басқалардан алынатын энергия алу сияқты жаңа, сондай-ақ дәстүрлі гидроэнергетика және биомассаны пайдалану. Форум аясында ТМД Электр энергетикалық кеңесінің атқарушы комитетінің, Еуразиялық даму банкінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, ЕАЭО елдерінің ғылыми және бизнес-қоғамдастығының өкілдері баяндама жасады. Анықтама Армения Республикасында 2022 жылы жалпы қуаты 65 МВт-қа дейінгі 11 күн электр станциясы пайдалануға берілді, оның құрылысын Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 37 млн сомаға қаржыландырды. Армениядағы КЭС әлеуеті 8 ГВт-қа бағаланып отыр. Беларусь Республикасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылатын ЖЭК жалпы қуаты 500 МВт құрады, ал 2025 жылға қарай оны 630 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарлануда. ЖЭК-ті дамытуды жалпы электр энергиясын өндірудің 8%-на дейін жеткізу туралы шешім қабылданды. Қырғыз Республикасының ЖЭК саласында үлкен әлеуеті бар, ол су объектілерінде жылына* 5 млрд кВт*сағ, күн объектілерінде жылына* 490 млн кВт*сағ астам және жел объектілерінде жылына* 45 млн кВт*сағ бағаланып отыр. Қазақстан Республикасында ЖЭК өндіретін электр энергиясының көлемі 2021 жылы жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Қазір Қазақстанда белгіленген қуаты 2065 МВт 136 жаңартылатын энергия көздері жұмыс істейді: қуаты 684 МВт 40 жел электр станциясы; қуаты 1093 МВт 51 күн электр станциясы; қуаты 280 МВт 40 гидроэлектростанциясы; қуаты 8 МВт 5 биоэлектростанциясы. 2021 жылы жалпы қуаты 393 МВт болатын 19 нысан пайдалануға берілді. Ресей Федерациясында көтерме және бөлшек сауда нарықтарында ЖЭК енгізудің жиынтық көлемі 2021 жылы 1217 МВт құрады. Тек 2021 жылдың IV тоқсанында Ресейде 12 жаңа ЖЭК тудыру нысаны пайда болды: 8 жел электр станциясы және төрт күн электр станциясы. ЖЭК тудыру қуаты 656,4 МВт-қа өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК тудыру объектілері 5,2 млрд кВт*сағ астам электр энергиясын өндірді.
17 Mar 2023
ЕАЭО мен ШЫҰ көпжоспарлы экономикалық әріптестікті нығайтуда
Кездесуде экономикалық ынтымақтастық мәселелерін ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин 17 наурызда Мәскеуде талқылады. Көлік-логистика саласындағы практикалық бірлескен жұмысты күшейту, сондай-ақ тәуелсіз трансшекаралық төлемдерді жүргізу үшін валюта-төлем жүйелерінің интеграциясын ынталандыру туралы шешім қабылданды. Михаил Мясниковичтің айтуынша ШЫҰ мен ЕАЭО-ның экономикалық күн тәртібінің бір-бірін өзара толықтыра алатын және әлемдік көріністі айқындай алатын әлеуеті бар. «2022 жылы ЕАЭО-ның ШЫҰ-мен тауар айналымы 270,2 млрд долларды құрап, бір жылда 40%-дан астам өсті», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының төрағасы. Тараптар ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қоюға мүдделі екендерін растады. Құжат келісімге алудың соңғы сатысында және оған ағымдағы жылдың мамыр айында қол қойылуы мүмкін. ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның еуразия өңірінің аумағын біріктіруге арналған көліктік-логистикалық ауқымды жобаны іске асыру тұжырымдамасын дайындағанын айтты. Бұл жоба қазіргі уақытта ШЫҰ-да қарастырылуда. Михаил Мясникович пен Чжан Мин тәуелсіз трансшекаралық төлемдерді жүргізу, сауда мен инвестицияларды қаржыландыру үшін ұлттық валюталардағы өзара есеп айырысуды және валюта-төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. «ЕАЭО-да жақсы әзірлемелер бар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Одақ ішіндегі ұлттық валютадағы есеп айырысулардың үлесі 80% құрады. ЕАЭО мен ШЫҰ-ның төлем-есеп айырысу инфрақұрылымдарының әлеуетін үйлестіруді қамтамасыз ету қажет деп ойлаймыз. Біз жақын арада ұсыныстарымызды беретін боламыз», - деді Михаил Мясникович. ЕЭК Алқасының төрағасы ШЫҰ Бас хатшысын 24-25 мамырда Мәскеу қаласында өтетін ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды. Форум барысында «ЕАЭО – ШЫҰ – БРИКС: ашық интеграциялық диалог» арнайы сессиясы өтеді. ШЫҰ Бас Хатшысы өз кезегінде Михаил Мясниковичті Бейжіңдегі ШЫҰ Хатшылығына ресми сапармен келуге шақырды.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы
ЕЭК әлеуметтік желілерде
VK
Youtube
Telegram