Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
03 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы Александр Лукашенконы және бүкіл Беларусь халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Егемендік алған жылдар ішінде Беларусь әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жетті, оның ЕАЭО бойынша әріптестерімен байланысы тереңдей түсуде», – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және өз атынан Беларусь Республикасына одан әрі экономикалық даму, ал халқына амандық және береке-бірлік тіледі.
02 шілденің 2025
Бақытжан Сағынтаев Александр Турчинді мерейтойымен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинді 50 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. «Сіз Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып келесіз», – делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Александр Турчинге мықты денсаулық тілеп, Беларусь Республикасы мен оның халқының игілігі үшін көзделген барлық жоспарлардың іске асырылуын тіледі.
02 шілденің 2025
ЕЭК-те ЕАЭО аясында темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Еуразиялық экономикалық одақ аумағында заңсыз темекі өнімдерінің әкелінуі мен айналымына қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы 2 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың қатысуымен өтті. Жұмыс тобы осы жылдың наурыз айында Комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің жанынан құрылды. Оның құрамына 80-нен астам мүше кірді, олардың жартысы жұмыс тобын құруға бастамашы болған бизнес-қоғамдастық өкілдері. Өткен отырыста ЕАЭО кеңістігіндегі темекі және құрамында никотин бар өнімдер нарығының жай-күйі, осы саладағы заңсыз айналымның үрдістері мен динамикасы, сондай-ақ аталған өнімді автомобильмен тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану тәжірибесі талқыланды. Жұмыс тобының қатысушылары Одақ нарығындағы темекінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған бірінші кезектегі шаралар бойынша ұсыныстар енгізді, олар Одақ елдерінің уәкілетті органдарын тарта отырып, ЕЭК алаңында пысықталатын болады.
01 шілденің 2025
Косметикалық өнімдерге арналған стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгертулер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентті іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына енгізілетін өзгертулерді бекітті. Енгізілген өзгертулер арқылы бес мемлекетаралық стандарттарды, оның ішінде Қытай Халық Республикасының стандарттары негізінде парфюмерлік-косметикалық өнімдегі формальдегидті анықтау жөніндегі екі стандартты, ISO халықаралық стандарттары негізінде күннен қорғау құралдарын сынау әдістеріне арналған екі стандартты және SMIIC ислам елдерінің Стандарттау және метрология институтының стандарты негізінде Halal парфюмерлік-косметикалық өнімі бойынша бір стандартты әзірлеу көзделген. Сонымен қатар тоғыз мемлекетаралық стандартқа өзгертулер енгізу жоспарланған.
30 маусымның 2025
Еуразиялық экономикалық форумда зияткерлік көлік жүйелерін енгізу талқыланды
Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев пен Ресейдің «Цифрлық көлік дәуірі» цифрлық көлік технологияларын дамыту қауымдастығының президенті Александр Семкиннің Минскідегі Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен жұмыс кездесуінде Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде зияткерлік көлік жүйелерін енгізу перспективалары талқыланды. Келіссөздер барысында ЕЭК министрі осы жылдың қаңтар айында ЕЭК Кеңесі мақұлдаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуы туралы хабарлады. Кездесуге қатысушылар Одақ елдерінің ЗКЖ ақпараттық өзара іс-қимыл форматтарына қойылатын талаптарды біріздендіру, сондай-ақ іске асыруға жоспарланған базалық сервистердің тізбесіне қатысты пікір алмасты. «Біздің мемлекеттерімізде ЗКЖ енгізудің әртүрлі деңгейін ескере отырып, бірыңғай стандарттар мен талаптарға негізделген ЕАЭО-ның жіксіз цифрлық кеңістігін құру өте маңызды», — деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Тараптар аталған мәселелерді қыркүйек айында өтетін «Ресейдің зияткерлік көлік жүйелері. Цифрлық көлік дәуірі» атты жыл сайынғы Халықаралық форум аясында талқылауды жалғастыруға келісті.
30 маусымның 2025
Тайланд кәсіпкерлері ЕАЭО нарығындағы жұмыс перспективаларын оң бағалады
Тайландтың кәсіпкерлік қоғамдастығының сұратуы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей Федерациясындағы Тайланд Корольдігінің Елшілігімен және Мәскеудегі Тай сауда орталығымен бірлесіп «ЕАЭО: қарқынды халықаралық сауда жағдайында тай кәсіпкерлері үшін перспективалы нарықтар» атты онлайн-семинарын ұйымдастырды. «Еуразиялық экономикалық одақ пен Тайландтың өзара іс-қимылының дамыған және түсінікті инфрақұрылымы қалыптасты. ЕЭК пен Тайланд үкіметі 2018 жылы жасалған ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыруды жалғастыруда. Бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті. Ынтымақтастықтың аса қызығушылық тудыратын негізгі салалары анықталды», – деді ЕЭК интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян. Ол сонымен қатар ЕАЭО мен Тайландтың диалогы бизнес үшін ашық екенін атап өтті. ЕЭК ұйымдастыратын, оның ішінде АСЕАН елдеріне бағдарланған іс-шаралардың басым бөлігі бизнес-аудитория үшін өткізіледі және кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік береді. Департамент басшысы іскер топтардың қатысуымен ЕАЭО мен Тайландтың диалогын дамытуда драйвер бола алатын ынтымақтастықтың әлеуетті басым салаларын атап өтті. Бұл цифрландыру, өнеркәсіптік ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігі, көлік және логистика, сондай-ақ төлемдер жүргізу мәселелерін қоса алғанда, қаржылық қызметтер секторы. Өз кезегінде, Тайланд Корольдігі сауда министрлігінің Халықаралық саудаға жәрдемдесу департаментінің директоры Сунанта Кангвалкулкидж Тайландтың ЕАЭО мемлекеттерінің әрқайсысымен сауда-экономикалық ынтымақтастығының жоғары әлеуетін іске асыру мүмкіндігін оң бағалады. Семинар барысында ЕАЭО нарығына қол жеткізудің практикалық рәсімдері, Одақтағы сауда саясаты және кедендік-тарифтік реттеу, мүше мемлекеттер мен Тайландтың өнеркәсіп, көлік, логистика саласындағы ынтымақтастығының әлеуеті қаралды. Тай іскер топтарының өкілдері ЕАЭО нарығындағы өз жұмысының оң мысалдары туралы ақпаратпен бөлісті.
27 маусымның 2025
Андрей Слепнев: «ЕАЭО-да тауарларды таңбалау өзінің тиімділігін дәлелдеді»
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев 27 маусымда Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесін дамыту туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша мәлімдеді. «2019 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта барлығы 274 миллиардқа жуық тауар бірлігі таңбаланды. Дәлелденген әсерлер нарықты "ақтап алу", контрафактілік өнім деңгейінің төмендеуі, заңды компаниялар санының артуы, адал өндірушілердің тиімділігінің өсуі және бюджетті толықтыру деңгейінің артуы болып табылады», – деп атап өтті Андрей Слепнев. Таңбалаудың әсері ЕАЭО елдерінің деректерімен расталды. Мысалы, Арменияда заңды тауар өндірушілер мен импорттаушылар санының артуы 7% құрады. Қазақстанда контрафактілік темекі өнімдерінің айналымы 24,7 млн долларға төмендеді. Ресей Федерациясында сүт өнімдері үшін нарықты ақтау деңгейінің өсуі 22%-ға, жеңіл өнеркәсіп тауарлары үшін 36%-ға, аяқ киім үшін 18%-ға, парфюмерия үшін 43%-ға жетті. «Мүше мемлекеттердің бюджеттері де таңбалауды енгізуден айтарлықтай пайда көрді. Салықтар мен баждар түсімдерінің ұлғаюы барлық елдер бойынша байқалады және елдегі таңбалау енгізілген тауарлар санаттарының санына тікелей байланысты», – деді Андрей Слепнев. Мысалы, тауарлар санаттарының ең көп саны таңбаланған Ресейде таңбаланған өнімді сатудан түсетін қосымша бюджеттік түсімдердің көлемі 15 млрд долларды, Қырғызстанда – 68 млн долларды құрады. Бұрын ұлттық таңбалау қолданылған, жалпы одақтық ережелер енгізілгенге дейін де нарықты едәуір "ақтауға" мүмкіндік берген Беларуссияда қосымша бюджеттік түсімдердің көлемі 4,64 млн долларға жетті. Келесі қадам заңсыз өнімге тиімді қарсы тұруға бағытталған таңбалау жүйесін одан әрі жақсарту болмақ. «Бірінші кезектегі міндет – тауарлардың заңды түрде шығарылуы мен қауіпсіздігін бақылау үшін ұлттық таңбалау жүйелерінің рөлін күшейту», — деп атап өтті Андрей Слепнев. Сонымен қатар Одақ деңгейінде одақтық таңбалау жүйесін технологиялық жетілдіру және таңбаланған тауардың қозғалыс еркіндігін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
27 маусымның 2025
Арзыбек Қожошев: «Ортақ нарық трансшекаралық электр энергиясы саудасына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді»
Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Минскіде өткен ЕЭФ-2025-те еуразиялық «бестік» мемлекеттерінің электр энергетикалық нарықтарын біріктіру болашағына арналған «ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығы – болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты. «Ортақ нарық электр энергиясының трансшекаралық саудасына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, өзара сауданың көлемі мен тәсілдерін кеңейтеді, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің энергия жүйелеріндегі жүктеме кестесін теңестіруге және өндіруші қуаттардың артық құрылысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл мүше мемлекеттердің энергия қауіпсіздігін арттырады», — деді Арзыбек Қожошев. Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығының нормативтік базасын жасаудағы прогресті атап өтті, интеграция жағдайында ішкі электр энергиясы нарықтарын реформалау және дамыту ерекшеліктерін қарастырды және болашақ нарықтың қызмет ету талаптарымен Одақ елдерінің экономикасы мен бизнес-қоғамдастығының нақты секторын дамытудың перспективалары мен басымдықтарын белгіледі. «Қазіргі уақытта электр энергиясының қолданыстағы нарығының барлық дерлік нормативтік базасы бекітілді, бірқатар Регламенттері бар қосылу туралы шарт дайындалды. Бұл ретте Шартта бекітілген және жалпы электр энергетикасы нарығының қалыптасуы мен қызметінің қағидаларында іске асырылған қағидаттарын, оның ішінде электр энергетикасының экономиканың нақты секторына әсер ететін ауқымды ықпалына байланысты ұстану өте маңызды», – деп хабарлады Арзыбек Қожошев. Дөңгелек үстелге 50-ден астам салалық ұйымдардың басшылары мен сарапшылары қатысып, бизнес пен реттеушілердің ортақ электр энергетикасы кеңістігін жасауға деген жоғары қызығушылығын растады. Пікірталасқа энергетикалық ведомстволардың басшылары, ЕАЭО мемлекеттерінің инфрақұрылымдық және биржалық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы