Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының, ЖЕЭК Құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудестің, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасы Сергей Лебедевтің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция режіміндегі отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына Жоғары кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы тапсырмасының орындалуы туралы — Одақтың ортақ газ нарығында баға және тариф белгілеу тәсілдемелері мәселесін және үшінші елдерден газ тасымалдауға тариф белгілеу мәселесін келісу бойынша атқарылған жұмыс жайында баяндалды.
Еске сала өтсек, Ресей Федерациясы әзірлеген ортақ газ нарығы туралы келісімнің жобасын ЕЭК сәуірдің соңында ЕАЭО елдеріне келісу үшін жіберді. Бұл құжатқа келесі жылы қол қою, 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей күшіне енгізу жоспарланған. ЕЭК қазірдің өзінде құжатты келісу бойынша ізеуірттелген жоспар-график дайындап қойды. Жобаны Ресей тарапы осы қарсаңда ұсынған газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларымен толықтыру қажет. Ортақ газ нарығын 2025 жылдан бастап іске қосу жоспарлануда.
ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына 2020 жыл ішіндегі ішкі нарықтағы кедергілерді жою жұмысының нәтижелері туралы баяндама ұсынылды. Өткен жылы барынша көп тосқауыл — 12 тосқауыл және тосқауыл белгілері бар 3 кедергі жойылды. 2016 жылдан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде Одақтың ішкі нарығында бұрынғы басым бағаланған 63 тосқауылдың ішінен 51 тосқауыл және тосқауыл белгілері бар 3 кедергі (81%) жойылды.
Жоғары кеңес мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2021–2022 жылдарға арналған негізгі бағдарларын бекітті. Құжат ЕАЭО-ның барлық елінің ағымдағы экономикалық дағдарыс салдарын тезірек еңсеруін және Одақ экономикасының озыңқы даму траекториясына шығуын мақсат тұтады.
Комиссияның ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің 2020 жылғы негізгі бағыттарын іске асыру қорытындылары туралы баяндамасы қаралды.
ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына ЕЭК-тің Қызметтер көрсету саудасын, құру мен қызметті реттеу қағидаларын 2019-2020 жылдары Одақ мемлекеттерінің орындау мониторингінің нәтижелері туралы баяндамасы ұсынылды. Баяндама Одақ елдерінің бизнесті ішкі реттеуге, бақылауға және қадағалауға жалпы ауыртпалық салынбайтын тәсілдемелерді көздейтін қағидаларды имплементтеу қорытындылары туралы ақпаратты қамтиды.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (ЕАЭО туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат ұсынылды.
Жоғары кеңес ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын біріздендіруге бағытталған шаралар тізбесін бекітті. Сөйтіп, Одақта ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірыңғай тұқым нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады.
Жоғары кеңес ЕАЭО елдерін стратегиялық жағынан маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдану үшін фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру, сондай-ақ Еуразиялық даму институттарын тарта отырып, Одақта олардың өндірісін жолға қою
жөнінде 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге шешім қабылдады.
ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына ЕЭК-тің 2020 жыл ішіндегі бәсекелестіктің жай-күйі және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі шаралар туралы жылдық есебі — тергеп-тексерулер, «жұмсақ реттеу» механизмін іске асыру, бәсекелестікті қорғау бойынша 2021 жылы жоспарланған іс-шаралар туралы мәліметтер
ұсынылды. ЕЭК бәсекелестік қағидаларын бұзушылық туралы 28 арызды қарады, 13 тергеп-тексеру жүргізді, бәсекелестік қағидаларын бұзушылық туралы 11 істі қарады.
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары отырыс қорытындылары бойынша Кедендік әкелу баждарының (өзге де баждардың, салықтардың және баламалы күші бар алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізу туралы келісімге қол қояды.
Жоғары кеңес Қырғыз Республикасынан ЕЭК Алқасының жаңа мүшелері Максат Суйуналиевич Мамыткановты Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр лауазымына және Темирбек Ишенбаевич Асанбековты Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр лауазымына тағайындады.
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының, ЖЕЭК Құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудестің, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің сөйлеген сөздерімен мына сілтемелер бойынша танысуға болады:
ЖЕЭК Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі
ЖЕЭК Құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі
Армения Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянның сөйлеген сөзі
Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенконың сөйлеген сөзі
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың сөйлеген сөзі
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің сөйлеген сөзі
Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудестің сөйлеген сөзі
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің сөйлеген сөзі